О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 28 января 2013 года № 5071 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 28 января 2013 года № 5071 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардыағы № 5071 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4379
- Қабылданған күні
- 27.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2016 79330_114163.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VA003237
- ЭКБ идентификаторы
- 79330
- Редакция идентификаторы
- 79330_114163
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:21
0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардыағы № 5071 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 34-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 5071 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2880 тіркелген, 2013 жылдың 21 ақпанында «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарын бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».