Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 февраля 2013 года №13/120 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»

Өзге акт · № 37/303 · қабылданған 30.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2013-no13120/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 февраля 2013 года №13/120 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах» Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/303 ·30.03.2015
16.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 февраля 2013 года №13/120 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/303 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 28 февраля 2013 года №13/120 «О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы №13/120 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37/303
Қабылданған күні
30.03.2015
Көрсетілген редакция
16.04.2021 89281_519717.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15MB002692
ЭКБ идентификаторы
89281
Редакция идентификаторы
89281_519717
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:47

0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының

2013 жылғы 28 ақпандағы №13/120
«Ауылдық елді мекендерде тұратын және
жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария ұйымдарының
мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік
көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5 тармағына және Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 02-11-2291 ақпараттық хаты негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы №13/120 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2236 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 16 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 12 100 (он екі мың бір жүз) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Р.Таумұрынов).

3 3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И.Орынбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Маркашова
30 наурыз 2015 жыл.
«Жаңаөзен қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
Қ.Сақтағанова
30 наурыз 2015 жыл.

Қолданыстағы