О внесении изменений в совместное постановление акимата Южно-Казахстанской области от 28 апреля 2014 года № 100 и решение маслихата Южно-Казахстанской области от 15 апреля 2014 года № 26/210-V «Об установлении минимальных размеров земельных участков сельскохозяйственного назначения в зависимости от местных условий и особенностей использования указанных земель, предоставляемых в собственность или землепользование в Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное постановление акимата Южно-Казахстанской области от 28 апреля 2014 года № 100 и решение маслихата Южно-Казахстанской области от 15 апреля 2014 года № 26/210-V «Об установлении минимальных размеров земельных участков сельскохозяйственного назначения в зависимости от местных условий и особенностей использования указанных земель, предоставляемых в собственность или землепользование в Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 26/210-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 52/539-VI
- Қабылданған күні
- 11.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2020 148788_492804.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20U0005891
- ЭКБ идентификаторы
- 148788
- Редакция идентификаторы
- 148788_492804
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:52
0
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 26/210-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі №26/210-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №100 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2014 жылдың 19 мамырында №2661 тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 2014 жылдың 28 мамырында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміндегі тақырыбында және 1 тармағында көрсетілген «Оңтүстік Қазақстан облысындағы» деген сөздер «Түркістан облысындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміндегі қосымшасы осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміне сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1)осы бірлескен қаулы және шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2)осы бірлескен қаулы және шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А.Ш.Жетпісбай
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
С.А.Қалқаманов
М.И.Мырзалиев
Ұ.Қ.Тәжібаев
А.А.Абдуллаев
А.Б.Тасыбаев
7 Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін
Бірлескен Түркістан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы «__»
қарашадағы №__ қаулысы
мен Түркістан облыстық
мәслихатының 2020 жылғы
«__» қыркүйектегі №__
шешіміне қосымша
Бірлескен Оңтүстік
Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы 28
сәуірдегі №100 Оңтүстік
Қазақстан облыстық
мәслихатының 2014 жылғы
15 сәуірдегі №26/210-V
шешіміне қосымша
Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін
№
Аудан және қала атаулары
Жер учаскесінің көлемі (гектар)
Оның ішінде
жайылым
тәлімі егістік
суармалы егістік
1
Арыс қаласы
26
15
10
1
2
Бәйдібек ауданы
37
30
5
2
3
Жетісай ауданы
4
3
-
1
4
Келес ауданы
27
20
6
1
5
Кентау қаласы
26,5
20
5
1,5
6
Қазығұрт ауданы
27
15
10
2
7
Мақтарал ауданы
4
3
-
1
8
Ордабасы ауданы
26,5
15
10
1,5
9
Отырар ауданы
55
50
-
5
10
Сайрам ауданы
6
3
2
1
11
Сарыағаш ауданы
16
10
5
1
12
Созақ ауданы
62
50
11
1
13
Төлеби ауданы
6
3
2
1
14
Түлкібас ауданы
26,5
15
10
1,5
15
Шардара ауданы
36
30
-
6