О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 1255 «Об утверждении натуральных норм питания и материально-бытового обеспечения подозреваемых, обвиняемых, осужденных и детей, находящихся в домах ребенка учреждений уголовно-исполнительной системы, и образцов формы одежды осужденных»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 1255 «Об утверждении натуральных норм питания и материально-бытового обеспечения подозреваемых, обвиняемых, осужденных и детей, находящихся в домах ребенка учреждений уголовно-исполнительной системы, и образцов формы одежды осужденных»
- Атауы (қаз.)
- «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 625
- Қабылданған күні
- 31.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2023 171105_653987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000625
- ЭКБ идентификаторы
- 171105
- Редакция идентификаторы
- 171105_653987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:22
0
«Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
28 қарашадағы № 1255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
жүкті әйелдерді, жанында бірінші және екінші топтағы мүгедек балалары бар әйелдерді тамақтандырудың № 2 заттай нормасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүкті әйелдерді және жанында балалары бар әйелдерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тамақтандырудың № 2 заттай нормасы»;
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды тамақтандырудың № 5 нормасында:
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
32
Аскорбин қышқылы (бірінші тағамға тікелей тарату алдында қосылады)*
50 мг/адам/күн
»;
қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-алдын алу мекемелерін медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың № 22 заттай нормасы алып тасталсын.