О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 155 «Об утверждении перечня наилучших доступных технологий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 155 «Об утверждении перечня наилучших доступных технологий»
- Атауы (қаз.)
- «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 571
- Қабылданған күні
- 21.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2015 97180_43237.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012429
- ЭКБ идентификаторы
- 97180
- Редакция идентификаторы
- 97180_43237
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:18
0 «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10166 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесінде:
1-тараудың 3-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2)
Былғары өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың сарқынды сулары
Орташаландыру, тұндыру,
реагенттік өңдеу және ақшылттандыру
Бірінші кезеңге қосымша:
аэротенкаларда биологиялық тазарту
Екінші кезеңге қосымша:
жоғары сулы өсімдіктер бар тоғандарда соңына дейін тазарту
»;
7-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
Бөгетшені жобалау
Қауіптілігі төмен бөгетшенің авариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 100 жылдық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. Қауіптілігі жоғары бөгетшеніңавариялық төгіндісінің биіктігін есептеу үшін 5000-10000 жылдық кезеңде бір рет су басуды пайдалану. Өте жоғары бу қысымының қауіп-қатерін бағалау және бөгетше бөлшектерін салған кезде және құрылыстың барлық кезеңінде бу қысымына бақылау
».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
20 қараша 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 22 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 қараша