О внесении изменений в решение маслихата от 28 февраля 2014 года № 157 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Милисай Джангельдинского района Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 28 февраля 2014 года № 157 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Милисай Джангельдинского района Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 157 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 18.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2020 112654_448583.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NI007094
- ЭКБ идентификаторы
- 112654
- Редакция идентификаторы
- 112654_448583
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:04
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 157 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № 157 «Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4590 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:
2 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Милісай ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.»;
8 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Милісай ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жангелдин ауданының
Милісай ауылының әкімі
___________________А.Талпақов
2017 жылғы 18 мамыр