Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 159 «Об утверждении Правил поставки нефтепродуктов единым оператором по поставке нефтепродуктов Вооруженным Силам Республики Казахстан, Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Национальной гвардии Республики Казахстан, уполномоченному органу в сфере гражданской защиты, уполномоченному органу в области государственного материального резерва»

Бұйрық · № 426 · қабылданған 28.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-159-ekb-203368/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 159 «Об утверждении Правил поставки нефтепродуктов единым оператором по поставке нефтепродуктов Вооруженным Силам Республики Казахстан, Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Национальной гвардии Республики Казахстан, уполномоченному органу в сфере гражданской защиты, уполномоченному органу в области государственного материального резерва» Қолданыста Бұйрық ·№ 426 ·28.11.2024
28.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 159 «Об утверждении Правил поставки нефтепродуктов единым оператором по поставке нефтепродуктов Вооруженным Силам Республики Казахстан, Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Национальной гвардии Республики Казахстан, уполномоченному органу в сфере гражданской защиты, уполномоченному органу в области государственного материального резерва»

Қолданыста Бұйрық ·№ 426 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 159 «Об утверждении Правил поставки нефтепродуктов единым оператором по поставке нефтепродуктов Вооруженным Силам Республики Казахстан, Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Национальной гвардии Республики Казахстан, уполномоченному органу в сфере гражданской защиты, уполномоченному органу в области государственного материального резерва»
Атауы (қаз.)
«Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
426
Қабылданған күні
28.11.2024
Көрсетілген редакция
28.11.2024 203368_732423.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035423
ЭКБ идентификаторы
203368
Редакция идентификаторы
203368_732423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:18

0

«Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10142 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларында:
1-тарауда:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақта:
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«2) мұнай өнімдері – мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиациялық және дизель отыны, мазут, жол битумы;»;
14) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«14) резервуар – мұнай өнімдері базасында не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінде сақтауға арналған сыйымдылық;»;
2-тарауда:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мұнай өнімдерін беру тәртібі»;
7-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«6)   авиациялық отынды әуе кемесіне құю арқылы беру.
Бірыңғай оператор әуе кемелеріне құюды Қазақстан Республикасының әуежайларында «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.»;
3-тарауда:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Баға белгілеу тәртібі»;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Мұнай өнімдерінің құнын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 120-бабына және 193-бабы 6-тармағының 4-тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13588 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк монополия, арнайы құқық субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларына сәйкес белгілейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы