О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2014 года № 167 "Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование, строительство и (или) приобретение жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2014 год в рамках программы "Доступное жилье - 2020"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2014 года № 167 "Об условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проектирование, строительство и (или) приобретение жилья через систему жилищных строительных сбережений на 2014 год в рамках программы "Доступное жилье - 2020"
- Атауы (қаз.)
- "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне "Қолжетiмдi тұрғын үй - 2020" бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 559
- Қабылданған күні
- 28.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2014 AI106068_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000559
- ЭКБ идентификаторы
- 106068
- Редакция идентификаторы
- AI106068_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:33
0
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне "Қолжетiмдi тұрғын үй - 2020" бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы № 167 қаулысына мынадай өзгеріс енгізсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне «Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi арқылы тұрғын үйлердi жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит берудің 2014 жылға арналған шарттарында:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы қарыз алушыларға 29 472 165 000 (жиырма тоғыз миллиард төрт жүз жетпіс екі миллион бір жүз алпыс бес мың) теңге сомасындағы кредиттер тұрғын үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 9 (тоғыз) жыл мерзімге сыйақының 0,01 % мөлшерлемесі бойынша беріледі.».