О внесении изменения в решение Экибастузского городского маслихата от 28 апреля 2014 года № 216/27 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Экибастузского городского маслихата от 28 апреля 2014 года № 216/27 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням"
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 284/33
- Қабылданған күні
- 28.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2021 84631_525629.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PC004196
- ЭКБ идентификаторы
- 84631
- Редакция идентификаторы
- 84631_525629
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:11
0 Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3791 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы № 18 «Отарқа» газетінде, 2014 жылғы 7 мамырдағы № 18 «Голос Экибастуза» газетінде жарияланды), келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың он екінші абзацындағы «Мүгедектер күніне орай» сөздері «Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
2014 жылғы «7» қараша
Қ. Бозымбаев