Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 28 апреля 2014 года № 216/27 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»

Өзге акт · № 307/35 · қабылданған 12.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-21627-ekb-88092/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 28 апреля 2014 года № 216/27 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням» Күшін жойған Өзге акт ·№ 307/35 ·12.03.2015
28.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 28 апреля 2014 года № 216/27 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 307/35 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 28 апреля 2014 года № 216/27 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Атауы (қаз.)
Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
307/35
Қабылданған күні
12.03.2015
Көрсетілген редакция
28.04.2021 88092_525625.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15PC004399
ЭКБ идентификаторы
88092
Редакция идентификаторы
88092_525625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:10

0 Екібастұз қалалық мәслихатының

2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және
мереке күндеріне орай алушылардың
жекелеген санаттары үшін әлеуметтік
көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы»
№ 216/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Екібастұз қалалық маслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3791 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Отарқа», 2014 жылғы 7 мамырдағы «Голос Экибастуза» газеттеріне жарияланды), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағының:
үшінші абзацындағы «69 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК)» сандары және сөздері «150000 (бір жүз елу мың) теңге» сандары және сөздеріне ауыстырылсын;
төртінші абзацындағы «(Ауғаныстандағы ұрыс-қимылдарға қатысушылары мен Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандардан басқа (бұдан әрі – ЧАЭС)» сөздері жойылсын, «1,8 АЕК» сандары және сөздері «10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)» сандары және сөздеріне ауыстырылсын»;
бесінші абзацындағы «1,8» сандары «5» санына ауыстырылсын;
алтыншы абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына 10 АЕК мөлшерінде;»;
жетінші абзацы жойылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысы
әкімінің міндетін атқарушы
Д. Тұрғанов
2015 жылғы «12» наурыз

Қолданыстағы