О внесении изменений и дополнения в решение Экибастузского городского маслихата от 28 апреля 2014 года № 216/27 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Экибастузского городского маслихата от 28 апреля 2014 года № 216/27 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 355/43
- Қабылданған күні
- 24.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2021 132196_525631.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PC006402
- ЭКБ идентификаторы
- 132196
- Редакция идентификаторы
- 132196_525631
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:49
0 Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 216/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3791 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) сомасындағы азық-түлік жинақтары;»;
үшінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларынан, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлерден, 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі - ЧАЭС) апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдардан, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) 10 (он) АЕК мөлшерінде;»;
он үшінші абзацтағы «пен балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды» сөздері алып тасталынсын;
келесі мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдары қатысушыларына, Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлеріне, 1986 - 1987 жылдары ЧАЭС апаттың зардаптарын жоюға тiкелей қатысқан адамдарға, ЧАЭС апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
________________Б. Бакауов
2019 жылғы «3» маусым