О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 28 февраля 2014 года № 22 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Комаровского сельского округа Денисовского района Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата от 28 февраля 2014 года № 22 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Комаровского сельского округа Денисовского района Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 22 «Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 135
- Қабылданған күні
- 30.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2019 117321_429319.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NH007428
- ЭКБ идентификаторы
- 117321
- Редакция идентификаторы
- 117321_429319
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:03
0
Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 22 «Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 22 «Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай облысы Денисов ауданы
Комаров ауылдық округінің әкімі
_____________________ Г. Сарина
2017 жыл «30» қараша
3 Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
Мәслихаттың
2017 жылғы 30 қарашасындағы
№ 135 шешіміне
1-қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 22 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Комаров ауылдық округі ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Комаров ауылдық округінің аумағындағы ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Комаров ауылдық округінің әкімі шақырады.
Денисов ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Комаров ауылдық округінің ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Комаров ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Комаров ауылдық округі ауылы тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Комаров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Комаров ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Комаров ауылдық округі ауылы тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Комаров ауылдық округі ауылы тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.
9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Комаров ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
16 Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2017 жылғы 30 қарашасындағы
№ 135 шешіміне
2-қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 22 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің Комаровка ауылының тұрғындары үшін
41