О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 28 апреля 2014 года № 2/309 "Об утверждении регламента государственной услуги "Учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории города Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 28 апреля 2014 года № 2/309 "Об утверждении регламента государственной услуги "Учет иностранных периодических печатных изданий, распространяемых на территории города Алматы"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 2/309 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/868
- Қабылданған күні
- 21.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2015 84388_277060.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14R0001100
- ЭКБ идентификаторы
- 84388
- Редакция идентификаторы
- 84388_277060
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:16
0 Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 2/309 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 2/309 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1046 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» регламенті:
келесі мазмұндағы 16 тармақпен толықтырылсын:
«16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес 4, 5, 6 қосымшалармен толықтырылсын.
2 2. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 21 қазандағы
№ 4/868 қаулысына
1 қосымша
«Алматы қаласының аумағында
таралатын шетелдiк мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке
алу» мемлекеттік қызмет
регламентіне
4 қосымша
«Алматы қаласының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары»;
6 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 21қазандағы
№ 4/868 қаулысына
2 қосымша
«Алматы қаласының аумағында
таралатын шетелдiк мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке
алу» мемлекеттік қызмет
регламентіне
5 қосымша
«Алматы қаласының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары»;
7 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 21 қазандағы
№ 4/868 қаулысына
3 қосымша
«Алматы қаласының аумағында
таралатын шетелдiк мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке
алу» мемлекеттік қызмет
регламентіне
6 қосымша
«Алматы қаласының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары»;