Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата Костанайской области от 28 февраля 2014 года № 24 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Крымского сельского округа Денисовского района Костанайской области»

Ереже · № 75 · қабылданған 03.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-24/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата Костанайской области от 28 февраля 2014 года № 24 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Крымского сельского округа Денисовского района Костанайской области» Қолданыста Ереже ·№ 75 ·03.12.2021
03.12.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата Костанайской области от 28 февраля 2014 года № 24 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Крымского сельского округа Денисовского района Костанайской области»

Қолданыста Ереже ·№ 75 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Денисовского районного маслихата Костанайской области от 28 февраля 2014 года № 24 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Крымского сельского округа Денисовского района Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24 «Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
75
Қабылданған күні
03.12.2021
Көрсетілген редакция
03.12.2021 161646_550125.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21NH00075M
ЭКБ идентификаторы
161646
Редакция идентификаторы
161646_550125
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:24

0

Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24 «Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу Қағидалары

Мәслихаттың
2021 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 75 шешіміне
1 қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 24 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу Қағидалары

4 1 - тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және және Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Қырым ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Қырым ауылы тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

9 2 - тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізу үшін Қырым ауылының аумағы учаскелерге бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қырым ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6 6. Қырым ауылының әкімі жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Қырым ауылының шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашылуы алдында Қырым ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Қырым ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қырым ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Қырым ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қырым ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қырым ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

20 Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихатының
2021 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 75 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 24 шешіміне
1 қосымша
Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының тұрғындары өкілдерінің саны
Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының тұрғындары үшін
44

Қолданыстағы