О внесении изменений и дополнения в решение Аягозского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Аягозского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/176-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/107-VI
- Қабылданған күні
- 31.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2020 114861_480792.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VF005216
- ЭКБ идентификаторы
- 114861
- Редакция идентификаторы
- 114861_480792
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:00
0 Аягөз аудандық мәслихатының
2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/176-V
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы
28 мамырдағы № 25/176-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3381 нөмерімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 5 шілде 2014 жыл № 55 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1 тармақта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
1
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
8 8) тармақша алып тасталсын;
4 4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.»;
11 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
11 «11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:»;
11 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
6
«6) Онкологиялық ауруларға медициналық мекеменің ем қабылдап жатқандығы туралы анықтамасы арқылы комиссияның шешімі бойынша, туберкулездің ашық түрімен ауыратындарға табыс көзінің есебінсіз Аягөз ауданының аумағында орналасқан денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы бекіткен тізім бойынша, ай сайынғы әлеуметтік көмек 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен тұлғалар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.»;