Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Аягозского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 41/283-VI · қабылданған 15.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-25176-v-ekb-136399/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Аягозского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 41/283-VI ·15.11.2019
04.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Аягозского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 41/283-VI · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Аягозского районного маслихата от 28 мая 2014 года № 25/176-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/176-V «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41/283-VI
Қабылданған күні
15.11.2019
Көрсетілген редакция
04.09.2020 136399_480796.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VF006317
ЭКБ идентификаторы
136399
Редакция идентификаторы
136399_480796
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:51

0 Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы

№ 25/176-V «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабының 2-тармағына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы»  қаулысына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/176-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3381 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 30 маусымында, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2014 жылдың 5 шілдесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
келесі мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
«Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.»;
1 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
6-тармақтың 4) тармақшасы жойылсын;
7-тармақтың 14) тармақшасы жойылсын;
8 тармақта үшінші абзацы жойылсын;
11 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан:
Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезіндегі әскери қызметшілерге – 35 айлық есептік көрсеткіш;
Ауғаныстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 35 айлық есептік көрсеткіш;»;
11 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр - саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 4,5 айлық есептік көрсеткіш.»;
13 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«13. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кенттік, ауылдық округтың әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беріп отырып, өтiнiш ұсынады.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде беріледі.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы