О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 28 марта 2014 года № 25/204-V «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 28 марта 2014 года № 25/204-V «Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/204-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/293-V
- Қабылданған күні
- 19.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2016 88937_55075.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15U0003136
- ЭКБ идентификаторы
- 88937
- Редакция идентификаторы
- 88937_55075
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:02
0 «Оңтүстік Қазақстан облысының
қалалары және елді мекендерінің
аумақтарын абаттандыру
Қағидаларын бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2014 жылғы
28 наурыздағы №25/204-V
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабы 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2666-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 28 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасында:
бүкіл мәтін бойынша:
«кәсіпорындарға» деген сөздер «ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындар, ұйымдар», «кәсіпорындар мен ұйымдар» «кәсіпорындар немесе ұйымдар», «ұйымдар мен кәсіпорындар» деген сөздер «ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен», «ұйымдар мен кәсіпорындар» деген сөздер «ұйымдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындармен немесе басқа ұйымдармен» деген сөздер «басқа ұйымдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындардан және ұйымдардан» деген сөздер «ұйымдардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорын» деген сөздер «ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорынның» деген сөздер «ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындарымен» деген сөздер «ұйымдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындармен» деген сөздер «ұйымдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындары» деген сөздер «ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындарына» деген сөздер «ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындардан» деген сөздер «ұйымдардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кәсіпорындардың» деген сөздер «ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Қалалық су ағатын желілерінің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, айына бір реттен кем емес осы құрылғылар балансында болатын мамандырылған ұйымдар жүргізеді.».