О внесении изменений в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 272 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 272 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 03.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2024 103777_703107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NO006490
- ЭКБ идентификаторы
- 103777
- Редакция идентификаторы
- 103777_703107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:55
0 Мәслихаттың 2014 жылғы
28 қарашадағы № 272
«Тұрғын үй көмегін көрсету
қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5241 тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда «Меңдіқара үні» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Меңдіқара аудандық бөліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды үсынады.» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген);
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады-қүнтізбелік 10 (он) күн.».