Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 272 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Ереже · № 235 · қабылданған 20.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-272-ekb-126025/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 272 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 235 ·20.11.2018
22.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 272 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 235 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 272 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
235
Қабылданған күні
20.11.2018
Көрсетілген редакция
22.05.2024 126025_703103.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NO008111
ЭКБ идентификаторы
126025
Редакция идентификаторы
126025_703103
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:34

0 Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5241 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда «Меңдіқара үні» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі тоқсанына бір рет «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына баламалы негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Меңдіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ В. Гребенюк
2018 жылғы «12» қараша

Қолданыстағы