О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 294 «Об утверждении Правил формирования единого календаря спортивно-массовых мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 294 «Об утверждении Правил формирования единого календаря спортивно-массовых мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- «Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 243
- Қабылданған күні
- 30.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2024 205592_741467.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035598
- ЭКБ идентификаторы
- 205592
- Редакция идентификаторы
- 205592_741467
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:33
0 «Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:
1) халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;
2) жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;
3) республикалық, өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша бірыңғай республикалық күнтізбеге және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша бірыңғай өңірлік күнтізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;
4) республикалық немесе аймақтық немесе жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының бастамасымен.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бірыңғай республикалық күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен айына бір реттен артық енгізілмейді.».