Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 295 «Об утверждении Правил выдачи и замены свидетельства о регистрации спортсмена, представления сведений спортивными федерациями о регистрации спортсмена»

Бұйрық · № 101 · қабылданған 26.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-295/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 295 «Об утверждении Правил выдачи и замены свидетельства о регистрации спортсмена, представления сведений спортивными федерациями о регистрации спортсмена» Қолданыста Бұйрық ·№ 101 ·26.06.2025
26.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 295 «Об утверждении Правил выдачи и замены свидетельства о регистрации спортсмена, представления сведений спортивными федерациями о регистрации спортсмена»

Қолданыста Бұйрық ·№ 101 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 295 «Об утверждении Правил выдачи и замены свидетельства о регистрации спортсмена, представления сведений спортивными федерациями о регистрации спортсмена»
Атауы (қаз.)
«Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
101
Қабылданған күні
26.06.2025
Көрсетілген редакция
26.06.2025 211984_772144.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036385
ЭКБ идентификаторы
211984
Редакция идентификаторы
211984_772144
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:41

0 «Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі

№ 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну туралы қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну қағидалар»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Спортшыны тіркеу туралы куәлігі оның спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерацияда (бұдан әрі – спорттық федерация) тіркелуден өткендігін растайтын құжат болып табылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Спортшыны тіркеу туралы ұсыну

Қазақстан Республикасы туризм
және спорт министрі
2025 жылғы 26 маусымдағы
№ 101 бұйрығына
қосымша
Спортшыны тіркеу туралы
куәлікті беру және ауыстыру,
спорт федерацияларының
спортшыны тіркеу туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
нысан
Спортшыны тіркеу туралы ұсыну
№ р/с
Спорт­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
3х4 түр­лі тү­сті фо­то­су­рет
1
Те­гі
2
Аты
3
Әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
4
Ту­ған кү­ні
5
Же­ке сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi
6
Спорт тү­рі
7
Жы­ны­сы
8
Спорт­шы ұсы­на­тын өңір (об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на)
9
Спорт­шы ұсы­на­тын дене шы­нық­ты­ру-спорт ұй­ы­мы
10
Бі­лі­мі
11
Спорт­тық раз­ряд­тар, са­нат­тар мен спорт­тық атақ­тар бе­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
12
Ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­ден өт­ке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
13
Спорт­тық жа­ры­стар­да қол жет­кіз­ген нәти­же­ле­рі
14
Жа­ры­стан шет­те­ту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
15
До­пинг қол­дан­ған жағ­дай­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
16
Мем­ле­кет­тік на­гра­да­лар мен кө­тер­ме­ле­удің өзге де ны­сан­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
17
Таң­дал­ған спорт тү­рі­нің ерекше­лі­гіне бай­ла­ны­сты өзге де мә­лі­мет­тер
18
Же­ке жат­тық­ты­ру­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
19
Бі­рін­ші жат­тық­ты­ру­шы­сы неме­се спорт түр­ле­рі бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұлт­тық ко­ман­да­ла­ры­ның ті­зі­міне сәй­кес жат­тық­ты­ру­шы­сы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы
Басшысы ___________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны
«__»_____ 20__ жыл

Қолданыстағы