Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 296 «Об утверждении размеров выплат денег по договорам о спортивной деятельности со спортсменами высокого класса, тренерами и специалистами в области физической культуры и спорта, осуществляющими подготовку спортсменов высокого класса»

Бұйрық · № 2 · қабылданған 08.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-296-ekb-138333/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 296 «Об утверждении размеров выплат денег по договорам о спортивной деятельности со спортсменами высокого класса, тренерами и специалистами в области физической культуры и спорта, осуществляющими подготовку спортсменов высокого класса» Қолданыста Бұйрық ·№ 2 ·08.01.2020
08.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 296 «Об утверждении размеров выплат денег по договорам о спортивной деятельности со спортсменами высокого класса, тренерами и специалистами в области физической культуры и спорта, осуществляющими подготовку спортсменов высокого класса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 28 июля 2014 года № 296 «Об утверждении размеров выплат денег по договорам о спортивной деятельности со спортсменами высокого класса, тренерами и специалистами в области физической культуры и спорта, осуществляющими подготовку спортсменов высокого класса»
Атауы (қаз.)
«Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
08.01.2020
Көрсетілген редакция
08.01.2020 138333_438781.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019868
ЭКБ идентификаторы
138333
Редакция идентификаторы
138333_438781
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:33

0

«Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9677 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 23 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары дәрежелі спортшылармен шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерінде:
2-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Тұлғалардың санаты және жарыстың атауы»;
4-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Шарттар бойынша ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ доллары)»;
реттік нөмірі 2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға үміткер спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын бас жаттықтырушылар»;
реттік нөмірі 6-жолда:
2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Спортшылары Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарында медаль жеңіп алуға үміткер командалардың дәрігерлері, массажистері»;
4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«500 (бес жүз) бастап 2000 (екі мың) дейін».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы « » _______
№ ___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 296 бұйрығына
1-қосымша

Тұлғалардың санаты және жарыстың атауы
Алған орын
Шарттар бойынша ай сайынғы ақшалай төлемдердің мөлшері (АҚШ доллары)
Ескертпе
1
Олимпиада, ойындарында медаль жеңіп алуға дайындықты жүзеге асыратын үміткер спортшылар
1 орын
700 (жеті жүз) бастап
7500 (жеті мың бес жүз) дейін
Төлемдер Олимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы Олимпиадалық медальды жеңіп алу келісімшартының шарттарын орындағаннан кейін Олимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді
2 орын
500 (бес жүз) бастап
5500 (бес мың бес жүз) дейін
3 орын
300 (үш жүз) бастап
3500 (үш мың бес жүз) дейін
2
Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында медаль жеңіп алуға дайындықты жүзеге асыратын үміткер спортшылар
1 орын
700 (жеті жүз) бастап
3000 (үш мың) дейін
Төлемдер Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары басталғанға дейін ай сайын аталған сомадан 50%-ы төленеді, қалған 50%-ы медальды жеңіп алу келісімшар-тының шарттарын орындағаннан кейін Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төленеді
2 орын
500 (бес жүз) бастап
2000 (екі мың) дейін
3 орын
300 (үш жүз) бастап
1500 (бір мың бес жүз) дейін
3
Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері
1 орын
700 (жеті жүз) бастап
5000 (бес мың) дейін
Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Олимпиада ойындарына дейін жүзеге асырылатын болады
2 орын
500 (бес жүз) бастап
4000 (төрт мың) дейін
3 орын
300 (үш жүз) бастап
3000 (үш мың) дейін
4
Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері
1 орын
700 (жеті жүз) бастап
3000 (үш мың) дейін
Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарынан кейін жүзеге асырылатын болады
2 орын
500 (бес жүз) бастап
2000 (екі мың) дейін
3 орын
300 (үш жүз) бастап
1500 (бір мың бес жүз) дейін
5
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері
1 орын
700 (жеті жүз) бастап
4000 (төрт мың) дейін
Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі әлем чемпионатына дейін жүзеге асырылады
2 орын
500 (бес жүз) бастап
3000 (үш мың) дейін
3 орын
300 (үш жүз) бастап
2000 (екі мың) дейін
6
Азия ойындары-ның (жабық ғимараттардағы Азия ойындарын, Жасөспірімдер Азия ойындарын, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарын, Азия ойындарын қоспағанда) чемпиондары мен жүлдегерлері
1 орын
500 (бес жүз) бастап
1000 (бір мың) дейін
Төлемдер спортшы келісімшартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастырған жағдайда келесі Азия ойындарына дейін жүзеге асырылады
2 орын
300 (үш жүз) бастап
700 (жеті жүз) дейін
3 орын
200 (екі жүз) бастап
400 (төрт жүз) дейін

Қолданыстағы