О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 55 "Об утверждении Правил признания видов спорта, спортивных дисциплин и формирования реестра видов спорта"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 55 "Об утверждении Правил признания видов спорта, спортивных дисциплин и формирования реестра видов спорта"
- Атауы (қаз.)
- "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 08.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2016 100003_61599.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013407
- ЭКБ идентификаторы
- 100003
- Редакция идентификаторы
- 100003_61599
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:36
0 «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) спорт түрлерінің тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;»;
18-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық тасығышта осы бұйрықтың көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, осы бұйрыққа қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.