О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 55 «Об утверждении Правил признания видов спорта, спортивных дисциплин и формирования реестра видов спорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 55 «Об утверждении Правил признания видов спорта, спортивных дисциплин и формирования реестра видов спорта»
- Атауы (қаз.)
- «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 05.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2017 115508_251797.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015921
- ЭКБ идентификаторы
- 115508
- Редакция идентификаторы
- 115508_251797
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:43
0 «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы
28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалаптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалаптастыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлеріннің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) спорт түрлерін, спорт салаларын танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын өзгермейді:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) спорт саласы – айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;
2) спорт түрлерінің тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
3) спорт түрі – жаттығу ортасы, жарыстастық қызметіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлері мен спорт салаларын тануды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) спорт түрлерінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу арқылы жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«4. Спорт түрлерін, спорт саласының белгілеріне жататын жарыстар қағидаларының, жаттығу ортасының, жарысушылықтың, спортшылардың қатысуы, қолданылатын спорттық мүкәммалдың (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтың болуы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру спорт түрін, спорт саласын тануға негіздеме болып табылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Спорт түрлерін, спорт салаларын тану тәртібі»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қолданылатын спорттық мүкәммаларды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтарды (бар болса) қолданудың қысқаша сипаты қамтылған, өтінілетін спорт түрін, спорт саласын оқытудың бағдарламасы және әдістемесі;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«8. Уәкілетті орган құрамы кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3-сі болған жағдайда өткізіледі.»;
10-тармақта:
1) тармақшасына орыс тіліндегі мәтінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«3) егер өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының танылған спорт түрі, спорт саласының жарыс қағидасы мазмұнынан, жаттығу ортасынан, қолданылатын мүкәммаларды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) мен жабдықтарынан елеулі өзгешеліктері болмаса.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Тізілімді қалаптастыру тәртібі»;
12-тармаққа орыс тіліндегі мәтінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
15-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«15. Танылған спорт түрінің, спорт саласының нөмір – коды келесі төрт белгіден тұрады:»;
1)тармақшасында:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«6 – паралимпиадалық спорт түрлері;»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7 – сурдлимпиадалық спорт түрлері;».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;