О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 56 «Об утверждении Норм и требований для присвоения спортивных званий, разрядов и квалификационных категорий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 56 «Об утверждении Норм и требований для присвоения спортивных званий, разрядов и квалификационных категорий»
- Атауы (қаз.)
- «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 12.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2021 155930_524080.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022750
- ЭКБ идентификаторы
- 155930
- Редакция идентификаторы
- 155930_524080
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:09
0 «Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
нормалары мен талаптарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушының 2014 жылғы
28 қазандағы № 56 бұйрығына
толықтыру енгізу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарында:
«Ұлттық спорт түрлері» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Асық ату
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
Әлем чемпионатында 1-3 орын;
Азия чемпионатында 1-2 орын;
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 1-2 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шебері:
Қазақстан Республикасының чемпионатында, Қазақстан Республикасының Спартакиадасында 1-2 орын;
Қазақстан Республикасының кубогында 1 орын;
Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халық спорты ойындарында 1-орын;
Қазақстан Республикасының «Ақ бидай» ауыл спорттық ойындарында 1-2 орын.
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат:
Қазақстан Республикасының чемпионатында, Қазақстан Республикасының Спартакиадасында 3 орын;
Қазақстан Республикасының кубогында 2-3 орын;
Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халық спорты ойындарында 2-3 орын;
Қазақстан Республикасының «Ақ бидай» ауыл спорттық ойындарында 3 орын;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың чемпионатында 1 орын;
Қазақстан Республикасының Оқушылар спартакиадасы немесе Қазақстан Республикасы Универсиадасында 1-2 орын.
1-разрядты спортшы:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың чемпионатында 2-орын.
2-разрядты спортшы:
қалалық және аудандық жарыстарда 1-орын.
3-разрядты спортшы:
қалалық және аудандық жарыстарда 2-3 орын.
Жас санаттары:
балалар - 7-10 жас;
жасөспірімдер (кадеттер) - 11-13 жас;
юниорлар - 14-16 жас;
жастар - 17-20 жас;
ересектер -21 жас және одан жоғары.».