О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 56 «Об утверждении Норм и требований для присвоения спортивных званий, разрядов и квалификационных категорий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 56 «Об утверждении Норм и требований для присвоения спортивных званий, разрядов и квалификационных категорий»
- Атауы (қаз.)
- «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 174
- Қабылданған күні
- 10.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2026 I229984_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26TS000174
- ЭКБ идентификаторы
- 229984
- Редакция идентификаторы
- I229984_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:31
0 «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруге арналған нормалар мен талаптарда:
Спорттық атақтар, спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына 133-қосымшаның:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын беруге қойылатын талаптар 16 жастан бастап орындалады.
№
Спорт жарысы
Орын
Спорт салалары: өзін-өзі қорғау, жекпе-жек, толық жанаспалы қоян-қолтық ұрыс
Кемінде 15 елдің/ облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қатысуымен (спортшы қатысатын әрбір спорт саласында) (кемінде 3 жекпе-жек өткізу)
1
Ересектер арасындағы Азия чемпионаты
1-2
2
Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
1-2
3
Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
1
4
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
1
5
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кубогына арналған арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының республикалық турнирі
1
».
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;