О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 28 марта 2014 года № 64-ОД "Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 28 марта 2014 года № 64-ОД "Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий"
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 28.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 99665_485381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013312
- ЭКБ идентификаторы
- 99665
- Редакция идентификаторы
- 99665_485381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:46
0 «Табиғи монополиялар субъектiлерiн
мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9404 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тіркелімнің республикалық бөлімін уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
Тіркелімнің республикалық бөлімі мыналарды:
1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді;
2) халықаралық әуежай қызметтерін;
3) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесіне ие теңіз порты қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметтерді Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық уәкілетті органдары реттейді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығында жариялануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интернет порталына орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етсін.