Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 77 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере нефти и газа»

Бұйрық · № 363 · қабылданған 30.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2014-no-77-ekb-117045/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 77 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере нефти и газа» Қолданыста Бұйрық ·№ 363 ·30.10.2017
30.10.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 77 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере нефти и газа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 363 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 октября 2014 года № 77 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере нефти и газа»
Атауы (қаз.)
«Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
363
Қабылданған күні
30.10.2017
Көрсетілген редакция
30.10.2017 117045_267318.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016102
ЭКБ идентификаторы
117045
Редакция идентификаторы
117045_267318
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:29

0 «Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9998 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай және газ саласында қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
_____________ Д. Абаев
2017 жылғы 13 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 30 қараша

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2017 жылғы 30 қазандағы
№ 363 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қазандағы
№ 77 бұйрығымен бекітілген
Мұнай және газ саласында қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесі
р/с

Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
Мұ­най және газ са­ла­сын­да тау-кен (кө­мір­су­тек ши­кі­за­ты), мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­рін жо­ба­лау (тех­но­ло­ги­я­лық) және (неме­се) пай­да­ла­ну, ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнім­де­рі құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі қыз­мет­тер мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
1
Пай­да­ла­ны­ла­тын қон­дыр­ғы­лар­ды және (неме­се) жаб­дық­тар­ды көр­се­те оты­рып, заң­ды тұ­лға­лар үшiн – мөр­мен (бар болған жағ­дай­да) және өтiнiш бе­ру­шi­нің тех­ни­ка­лық бас­шы­сы қо­лы­мен, же­ке тұ­лға­лар үшін өті­ніш бе­ру­ші­нің қо­лы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған мә­лім­дел­ген ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рін (жұ­мыста­рын) орын­да­удың тех­но­ло­ги­я­сы мен тәр­ті­бін си­паттай­тын тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент
мә­лім­дел­ген қыз­мет­тің кі­ші тү­ріне ар­нал­ған тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­тің ата­уын және бе­кі­ті­л­ген кү­нін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
жо­ба­лау құ­жат­та­рын; тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­тер­ді, кө­мір­су­тек­ті ши­кі­зат кен орын­да­ры­на ар­нал­ған жо­ба­лар­дың тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сін жа­сау; мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­рін жо­ба­лау (тех­но­ло­ги­я­лық); ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі қыз­мет үшін та­лап етіл­мей­ді
2
Мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге де заң­ды негіз­де­гі өн­ді­рі­стік ба­за­ның (ғи­ма­рат­тың, үй-жай­дың) бо­луы
өн­ді­рі­стік ба­за­ның (ғи­ма­рат­тың, үй-жай­дың) бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың (объ­ек­ті­лер­дің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты­ның; мү­лік­ті жал­ға бе­ру (жал­дау) шар­ты­ның/мү­лік­ті се­нім­гер­лік­пен бас­қа­ру шар­ты­ның) ата­уын, нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
«ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну» қыз­ме­ті­нің кі­ші тү­ріне қол­да­ныл­май­ды
3
Мұ­най және газ са­ла­сын­да тау-кен (кө­мір­су­тек ши­кі­за­ты), мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­рін жо­ба­лау (тех­но­ло­ги­я­лық) және (неме­се) пай­да­ла­ну, ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын,мұ­най өнім­де­рі құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі қыз­мет­тер үшін мә­лім­дел­ген қыз­мет­тің кі­ші тү­ріне сәй­кес ке­ле­тін мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге де заң­ды негіз­де­гі тө­мен­де­гі­лер­дің бо­луы қа­жет:
1) жо­ба­лау құ­жат­та­рын; тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­тер­ді, кө­мір­су­тек­ті ши­кі­зат кен орын­да­ры­на ар­нал­ған жо­ба­лар­дың тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сін жа­сау; мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­рін жо­ба­лау (тех­но­ло­ги­я­лық) үшін:
мұ­най және газ са­ла­сын­да жо­ба­лау үшін ли­цен­зи­я­лан­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның;
жо­ба­лау үшін пай­да­ла­ны­ла­тын ар­на­у­лы тех­ни­ка және (неме­се) жаб­дық­тың (ком­пью­тер­лер­дің, прин­тер­лер­дің, плот­тер­лер­дің, кә­сіп­ші­лік зерт­те­улер­ге ар­нал­ған ұң­ғы­ма­лық ас­пап­тар­дың)
1) ли­цен­зи­я­лан­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның ата­уын; ли­цен­зи­я­лан­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның заң­ды ие­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тың нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін;
2) пай­да­ла­ны­ла­тын ком­пью­тер­лер­дің, прин­тер­лер­дің, плот­тер­лер­дің, кә­сіп­ші­лік зерт­те­улер­ге ар­нал­ған ұң­ғы­ма­лық ас­пап­тар­дың ата­уын, мар­ка­сын және са­нын қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
кә­сіп­ші­лік зерт­те­улер­ге ар­нал­ған ұң­ғы­ма­лық ас­пап­тар­дың бо­луы «мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­рін жо­ба­лау (тех­но­ло­ги­я­лық)» кі­ші тү­ріне та­лап етіл­мей­ді
2) мұ­най­ды, га­з­ды, мұ­най-газ кон­ден­са­тын өн­дi­ру үшін – тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген негіз­гі ин­же­нер­лік құ­ры­лы­стар­дың және қон­дыр­ғы­лар­дың бо­луы
негіз­гі ин­же­нер­лік құ­ры­лы­стар­дың және қон­дыр­ғы­лар­дың ата­уын қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
3) кө­мір­су­тек­ті ши­кі­зат кен орын­да­рын­да тех­но­ло­ги­я­лық жұ­мыстар (кә­сіп­ші­лік зерт­те­улер; сей­сми­ка­лық бар­лау жұ­мыста­ры; гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар) жүр­гі­зу үшін:
кә­сіп­ші­лік зерт­те­улер үшін – тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген ұң­ғы­ма­лық ас­пап­тар­дың және (неме­се) жаб­дық­тар­дың;
гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар үшін – ұң­ғы­ма­лық ас­пап­тар­дың және ас­пап­тар­дың көр­сет­кіш­те­рін тір­ке­у­ге ар­нал­ған же­рү­сті ап­па­ра­ту­ра­сы­ның, ұң­ғы­ма­да тү­сі­ру-кө­те­ру опе­ра­ци­я­ла­ры­на ар­нал­ған жүк шы­ғыр­дың және тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген жаб­дық­тар­дың;
сей­сми­ка­лық бар­лау жұ­мыста­ры үшін – тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген сей­сми­ка­лық стан­ци­я­ның және (неме­се) бас­қа сей­сми­ка­лық бар­лау жаб­дық­та­ры­ның
1) кә­сіп­ші­лік зерт­те­улер үшін – ұң­ғы­ма­лық ас­пап­тар­дың және (неме­се) жаб­дық­тың ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін;
2) гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар үшін – ұң­ғы­ма­лық ас­пап­тар­дың және ас­пап­тар­дың көр­сет­кіш­те­рін тір­ке­у­ге ар­нал­ған же­рү­сті ап­па­ра­ту­ра­сы­ның, ұң­ғы­ма­да тү­сі­ру-кө­те­ру опе­ра­ци­я­ла­ры­на ар­нал­ған жүк шы­ғыр­дың және жаб­дық­тар­дың ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін;
3) сей­сми­ка­лық бар­лау жұ­мыста­ры үшін – сей­сми­ка­лық стан­ци­я­ның және (неме­се) сей­сми­ка­лық бар­лау жабды­ғы­ның ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін
қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
4) мұ­най; газ; газ кон­ден­са­ты; ай­да­ма ұң­ғы­ма­ла­рын­да­ғы ат­қы­лау-жа­ру жұ­мыста­рын жүр­гi­зу үшін:
рұқ­сат­тың не жа­ры­л­ғыш ма­те­ри­ал­дар­ды және олар­дың негі­зін­де жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды үне­мі қол­да­ну­ға рұқ­са­ты бар ұй­ым­мен жа­сал­ған шар­ты­ның;
тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген пер­фо­ра­ци­я­лық жаб­дық­тар неме­се жүй­е­ле­рі­нің
1) рұқ­сат­тың не жа­ры­л­ғыш ма­те­ри­ал­дар­ды және олар­дың негі­зін­де жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды үне­мі қол­да­ну­ға рұқ­са­ты бар ұй­ым­мен жа­сал­ған шар­ттың ата­уын, нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін;
2) пер­фо­ра­ци­я­лық жаб­дық­тар неме­се жүй­е­ле­рі­нің ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін
қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
5) құр­лық­та; те­ң­із­де; іш­кі су қой­ма­ла­рын­да кө­мір­су­тек­ті ши­кі­зат кен орын­да­рын­да ұң­ғы­ма­лар­ды бұр­ғы­лау үшін – тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­сы­ның, шы­ға­рынды­ға қар­сы жаб­дық­тар­дың және бас­қа да жаб­дық­тың
бұр­ғы­лау қон­дыр­ғы­сы­ның, шы­ға­рынды­ға қар­сы жаб­дық­тар­дың және бас­қа да жаб­дық­тың ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін
қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
6) кен орын­да­рын­да ұң­ғы­ма­лар­ды жер астын­да (күр­делi, ағым­да­ғы) жөн­деу үшін –тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген жөн­деу бой­ын­ша қон­дыр­ғы­ның, шы­ға­рынды­ға қар­сы жаб­дық­тар­дың және бас­қа да жаб­дық­тың
кен орын­да­рын­да ұң­ғы­ма­лар­ды жөн­деу бой­ын­ша қон­дыр­ғы­ның, шы­ға­рынды­ға қар­сы жаб­дық­тар­дың және бас­қа да жаб­дық­тың ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
7) кө­мір­су­тек­ті ши­кі­зат кен орын­да­рын­да ұң­ғы­ма­лар­ды це­мент­теу; сы­нау; иге­ру, сы­на­удан өт­кі­зу үшін –тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген қон­дыр­ғы­ның және (неме­се) ар­найы тех­ни­ка­ның бо­луы
қон­дыр­ғы­ның және (неме­се) ар­найы тех­ни­ка­ның ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
8) мұ­най қа­бат­та­ры­ның мұ­най бе­руiн арт­ты­ру және ұң­ғы­ма­лар­дың өнiм­дiлi­гiн ұл­ғай­ту үшін – тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген ар­найы тех­ни­ка­ның және (неме­се) жаб­дық­тың бо­луы
ар­найы тех­ни­ка­ның және (неме­се) жаб­дық­тың ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
9) құр­лық­та­ғы; теңiз­де­гі кен орын­да­рын­да кө­мір­су­тек­ті ши­кі­зат тө­гiлуiнiң ал­дын алу және олар­ды жою жөнiн­де­гi жұ­мыстар үшін –тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген ар­найы тех­ни­ка­ның және (неме­се) құр­лық­та мұ­най жи­на­у­ға ар­нал­ған жаб­дық­тың; те­ң­із­де­гі мұ­най жи­нау құ­ры­л­ғы­ның, жү­зу­ші ре­зер­ву­ар­лар және бон­дық тосқа­уыл­дар­дың
ар­найы тех­ни­ка­ның және (неме­се) құр­лық­та мұ­най жи­на­у­ға ар­нал­ған жаб­дық­тар­дың; те­ң­із­де­гі мұ­най жи­нау құ­ры­л­ғы­ның, жү­зу­ші ре­зер­ву­ар­лар және бон­дық тосқа­уыл­дар­дың ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін
қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
10) кө­мір­су­тек­ті ши­кі­зат кен орын­да­рын­да ұң­ғы­ма­лар­ды кон­сер­ва­ци­я­лау; жою үшін – тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген кон­сер­ва­ци­я­ла­у­ға және жо­ю­ға ар­нал­ған қон­дыр­ғы­ның және (неме­се) жаб­дық­тар­дың
кон­сер­ва­ци­я­ла­у­ға және жо­ю­ға ар­нал­ған қон­дыр­ғы­ның және (неме­се) жаб­дық­тар­дың ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
11) мұ­най-хи­мия өн­дiрiстерiн пай­да­ла­ну үшін:
тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­те көр­се­ті­л­ген негіз­гі тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар­дың және жаб­дық­тар­дың;
мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­ріне ар­нал­ған
ар­найы жаб­дық­тал­ған
қой­ма­лар­дың;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те ат­те­стат­тал­ған зерт­ха­на­ның неме­се өнiм­нің стан­дарт­тар­ға, нор­ма­лар мен тех­ни­ка­лық шар­ттар­ға сәй­кест­i­гiн ба­қы­лау бой­ын­ша ак­кре­дит­тел­ген зерт­хан­амен қыз­мет көр­се­ту шар­ты­ның бо­луы
1) негіз­гі тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар­дың және жаб­дық­тар­дың ата­уын, мар­ка­сын, шы­ға­ры­л­ған жы­лын, дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың се­ри­я­лық нө­мі­рін;
2) мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­ріне ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған
қой­ма­лар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты;
2) зерт­ха­на­ға бе­рі­л­ген ат­те­стат­тың нө­мі­рін және кү­нін;
өнiм­нің стан­дарт­тар­ға, нор­ма­лар мен тех­ни­ка­лық шар­ттар­ға сәй­кест­i­гiн ба­қы­лау бой­ын­ша ак­кре­дит­тел­ген зерт­хан­амен қыз­мет көр­се­ту шар­ты­ның
нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
4
Ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­ры, мұ­най құ­быр­ла­ры, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну үшін мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге де заң­ды негіз­де­гі:
1) ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­ры, мұ­най құ­быр­ла­ры, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­ры­ның;
2) ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну­ды (со­ның ішін­де тех­ни­ка­лық ди­а­гно­сти­ка­ла­уды және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді) қам­та­ма­сыз ете­тін ди­а­гно­сти­ка­лық ас­пап­тар­дың, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның, құ­рал­дар­дың, жаб­дық­тар­дың;
3) за­ма­на­уи жаб­дық­тар мен тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­на оты­рып, қол­да­ны­с­та­ғы өн­дiрiстiк объ­ек­тiлер­дi ре­кон­струк­ци­я­лау, жаң­ғыр­ту жөнiн­де­гi бе­кі­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма­лар­дың; жөн­деу жұ­мыста­рын орын­дау жос­пар­ла­ры­ның (бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның) бо­луы
1) ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­ры­ның, мұ­най құ­быр­ла­ры­ның, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­ры же­лі­лік бө­лі­гі­нің ұз­ақ­тығ­ын көр­се­те оты­рып, ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­ры­ның, мұ­най құ­быр­ла­ры­ның, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­ры­ның бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың ата­уын, нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­нін;
2) мә­лім­дел­ген қыз­мет түр­ле­ріне қа­жет­ті тех­ни­ка­лық та­лап­тар­ға сәй­кес қол­да­ны­ла­тын ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­ры, мұ­най құ­быр­ла­ры, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну­ды қам­та­ма­сыз ете­тін ас­пап­тар және қон­дыр­ғы­лар­дың ата­уын;
3) ма­ги­страль­дық құ­быр­лар­ды тех­ни­ка­лық ди­а­гно­сти­ка­лау үшін – ди­а­гно­сти­ка­лық ас­пап­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты;
4) ма­ги­страль­дық құ­быр­лар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту үшін – ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның, құ­рал­дар­дың, жаб­дық­тар­дың бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты;
3) бағ­дар­ла­ма­лар­дың және жос­пар­лар­дың ата­уын, олар­дың бе­кі­ті­л­ген кү­нін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
тек «ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну» қыз­ме­ті­нің кі­ші тү­рі­нене ға­на қол­да­ны­ла­ды
5
Мы­на­лар­ды:
1) қон­дыр­ғы­лар­ды, ма­ши­на­лар­ды, ме­ха­низмдер­ді, ас­пап­тар­ды, жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну­дың және олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді;
2) ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін;
3) қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғауды;
4) мет­ро­ло­ги­я­лық ба­қы­ла­уды;
5) тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті сақ­та­уды және бе­рі­л­ген са­па­да­ғы өнім­нің шы­ға­ры­луын сақ­та­уды («мұ­най-хи­мия өн­дiрiстерiн пай­да­ла­ну» қыз­ме­ті­нің кі­ші тү­ріне қол­да­ны­ла­ды);
6) ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну­дың тех­но­ло­ги­я­лық про­цесiн сақ­та­уды («ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнiм­дерi құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну» қыз­мет­те­рі­нің кі­ші түр­ле­ріне қол­да­ны­ла­ды) қам­та­ма­сыз ете­тін қыз­мет­тер­дің және (неме­се) жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­дың бо­луы
атал­ған қыз­мет­тер­ді құ­ру және (неме­се) жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды та­ғай­ын­дау (жа­у­ап­кер­ші­лік­ті ал­ма­сты­ру рұқ­сат еті­ле­ді) ту­ра­лы бұй­рық­тар­дың нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
жо­ба­лау құ­жат­та­рын; тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­тер­ді, кө­мір­су­тек­ті ши­кі­зат кен орын­да­ры үшін жо­ба­лар­дың тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сін әзір­леу бой­ын­ша; мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­рін жо­ба­лау (тех­но­ло­ги­я­лық) жө­нін­де­гі қыз­мет үшін та­лап етіл­мей­ді
6
1) тех­ни­ка­лық бас­шы­лар үшін – мұ­най және газ са­ла­сын­да­ғы жо­ғар­ғы тех­ни­ка­лық бі­лі­мі, көр­се­ті­л­ген са­ла­да 3 жыл­дан кем емес жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар;
2) ма­ман­дар үшін – жо­ға­ры тех­ни­ка­лық неме­се ор­та ар­на­у­лы бі­лі­мі бар, ат­қа­ра­тын қыз­ме­тіне сәй­кес жал­пы пер­со­нал­дың 50%-нан кем емес бі­лік­ті­лік құ­ра­мы­ның бо­луы
әр­бір жұ­мыс­кер бой­ын­ша мы­на­дай ақ­па­рат­ты:
те­гін, атын, әке­сі­нің атын (бар болған жағ­дай­да), оқу ор­ны­ның ата­уын, бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін, бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғын және бі­лік­ті­лі­гін, ла­у­а­зы­мын, ти­іс­ті са­ла­да ең­бек өті­лін (ең­бек кі­тап­ша­сы­на неме­се ең­бек шар­ты­на сәй­кес) қам­ти­тын мә­лі­мет­тер ны­са­ны*
*Мұнай және газ саласында қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшада мәліметтер нысаны көрсетілген

1 Мұнай және газ саласында қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша

Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн
біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын
құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

1

1. Технологиялық регламенттің болуы туралы (жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық); магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды):
____________________________________________________________ .
(мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес технологиялық
регламенттің атауы және бекітілген күні)

2 2. Өндірістік базаның (ғимараттың, үй-жайдың) болуы туралы:

______________________________________________________________.
(өндірістік базаның (ғимараттың, үй-жайдың) болуын растайтын
құжаттардың (объектілердің техникалық паспортының; мүлікті
жалға беру (жалдау) шартының/мүлікті сенімгерлікпен басқару
шартының атауы, нөмірі және берілген күні)

3

3. Мұнай және газ саласында тау-кен (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер үшін мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі төмендегілердің болуы қажет:

1 1) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарына арналған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін:

___________________________________________________________.
(лицензияланған бағдарламалық қамтылымның атауы; лицензияланған
бағдарламалық қамтылымның заңды иелігін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні)
___________________________________________________________.
(пайдаланылатын компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің,
кәсіпшілік зерттеулерге арналған ұңғымалық аспаптардың атауы,
маркасы және саны)

2 2) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:

_____________________________________________________________.
(негізгі инженерлік құрылыстардың және қондырғылардың атауы)

3 3) көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін:

кәсіпшілік зерттеулер үшін:
____________________________________________________________.
(ұңғымалық аспаптардың және (немесе) жабдықтың атауы, маркасы,
шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
геофизикалық жұмыстар үшін:
____________________________________________________________.
(ұңғымалық аспаптардың және аспаптардың көрсеткіштерін тіркеуге
арналған жерүсті аппаратурасының, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына
арналған жүк шығырдың және жабдықтардың атауы, маркасы, шығарылған
жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:
______________________________________________________________.
(сейсмикалық станцияның және (немесе) сейсмикалық барлау жабдығының
атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

4 4) мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:

________________________________________________________;
(жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған
бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні)
_____________________________________________________________;
(жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған
бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған
шарттың атауы, нөмірі және берілген күні)*
*ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы
бар болған жағдайда осы абзацтың 2-жолы толтырылмайды;
________________________________________________________.
(перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің атауы, маркасы,
шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

5 5) құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін:

____________________________________________________________.
(бұрғылау қондырғысының, шығарындыға қарсы жабдықтардың және
басқа да жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы
зауыттың сериялық нөмірі)

6 6) кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін:

_____________________________________________________________.
(жөндеу бойынша қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтардың
және басқа да жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы,
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

7 7) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынаудан өткізу үшін:

_____________________________________________________________.
(қондырғының және (немесе) арнайы техниканың атауы, маркасы,
шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

8 8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:

______________________________________________________________.
(арнайы техниканың және (немесе) жабдықтың атауы, маркасы,
шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

9 9) құрлықтағы; теңiздегі кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін:

____________________________________________________________.
(арнайы техниканың және (немесе) құрлықта мұнай жинауға арналған жабдықтардың;
теңіздегі мұнай жинау құрылғының, жүзуші резервуарлар және бондық тосқауылдардың атауы,
маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

10 10) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:

____________________________________________________________.
(консервациялауға және жоюға арналған қондырғының және (немесе)
жабдықтардың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

11 11) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:

негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтардың болуы туралы
_____________________________________________________________;
(негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтардың атауын,
маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін)
арнайы жабдықталған қоймалардың болуы туралы
_____________________________________________________________;
(арнайы жабдықталған қоймалардың атауы)
аттестатталған зертхананың немесе аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы туралы
____________________________________________________________;
(өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн
бақылау бойынша зертханаға берілген аттестаттың нөмірі және күні)
_______________________________________________________________.
(өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн
бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының
нөмірі және берілген күні)*
*ұйымның жеке зертханасы бар болған жағдайда төртінші абзацтың
2-жолы толтырылмайды;

4 4. Магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін:

1 1) магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы

_____________________________________________________________;
(желілік бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ
құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының
болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі және берілген күні)

2 2) диагностикалық аспаптардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың болуы туралы

_____________________________________________________________;
(мәлімделген қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес
қолданылатын магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай
өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптар және
қондырғылардың атауы)

3 3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін:

_______________________________________________________________;
(диагностикалық аспаптардың болуы туралы ақпарат)

4 4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін:

_______________________________________________________________;
(бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпарат)

5 5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) болуы туралы

______________________________________________________________.
(бағдарламалар мен жоспарлардың атауы және олардың бекітілген күні)

5 5. Мыналарды:

1 1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдаланудың және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

2 2) еңбек қауіпсіздігін;

3 3) қоршаған ортаны қорғауды;

4 4) метрологиялық бақылауды;

5 5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне таратылады);

6

6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды («магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану» қызметтерінің кіші түрлеріне таратылады) қамтамасыз ететін қызметтер және (немесе) жауапты тұлғалар:
____________________________________________________________.
(қызметтерді және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы
бұйрықтардың нөмірін және берілген күні)

6 6. Тиісті білім деңгейіне жауап беретін:

1 1) техникалық басшылар үшін – мұнай және газ саласындағы жоғарғы техникалық білімі, көрсетілген салада кемінде 3 жыл кем емес жұмыс тәжірибесі бар;

2 2) мамандар үшін – жоғары техникалық немесе орта арнаулы білімі бар, атқаратын қызметіне сәйкес жалпы персоналдың 50%-нан кем емес біліктілік құрамының болуы туралы

____________________________________________________________.
(әрбір жұмыскер бойынша ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), оқу орнының атауы, білім туралы құжаттың
нөмірі және берілген күні, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі,
лауазымы, тиісті салада еңбек өтілі (еңбек кітапшасына немесе
еңбек шартына сәйкес)
________________________________________________________

Қолданыстағы