О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 853 «Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе при местных исполнительных органах по содействию деятельности учреждений и органов, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 853 «Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе при местных исполнительных органах по содействию деятельности учреждений и органов, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания»
- Атауы (қаз.)
- «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 853 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1034
- Қабылданған күні
- 04.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2019 136734_435996.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019698
- ЭКБ идентификаторы
- 136734
- Редакция идентификаторы
- 136734_435996
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:31
0 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 853 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 853 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 17) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші органның (бұдан әрi – консультациялық-кеңесші орган) мәртебесін және өкiлеттiктерiн айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Консультациялық-кеңесші органның мiндеттерi»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Консультациялық-кеңесші органның негізгі мiндеттерi:
қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын қылмыстық-атқару жүйесi органдарының және мекемелерiнiң қызметiне көмек көрсету;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;
сотталғандардың еңбегін, оның iшiнде бас бостандығынан айыру түрiнде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсiпорындардың қажеттіліктері үшiн қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерінің жанындағы өндiрiстi дамытуды ұйымдастыру;
қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерi мен кәсіпорындарын Кодекске сәйкес сотталғандарды еңбекте пайдалану жолымен өңiрлiк және жергілiктi маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;
бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
қайырымдылық концерттерін, кездесулер, дәрістер, сотталғандарға заң консультациялары мен өзге де құқықтық көмекті, спорттық, ағартушылық және мәдени iс-шараларды ұйымдастыруға, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорларын толықтыруға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның мiндеттерiне:
босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға көмек көрсету бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;
қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi, оның iшiнде мүгедектер мен зейнеткерлерді мүгедектер және қарттар үйлерiне орналастыруды ұйымдастыру;
сотталғандардың шағымдары мен өтiнiштерiн қылмыстық-атқару жүйесi мекемелері әкiмшiлiгiнің уақтылы және дұрыс шешуiне көмек көрсету;
жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелері комиссиясының қызметiне қатысуы;
сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерінде жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептердi ұйымдастыру;
қылмыстық жаза қолдану тәртiбiнде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшiн қоғамдық жұмыс объектiлерiн белгілеу бойынша жергілiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтiк және өзге де көмектiң басқа түрлерiн ұйымдастыруға көмек көрсету;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар бөлу бойынша көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды да қарау жатады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Консультациялық-кеңесші органның функциялары»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Консультациялық-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру»;