О внесении изменений в совместные нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 28 ноября 2015 года № 10-НҚ и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 590 «Об утверждении Единых принципов и подходов к системе управления рисками, применяемых органами государственного аудита и финансового контроля»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместные нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 28 ноября 2015 года № 10-НҚ и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 590 «Об утверждении Единых принципов и подходов к системе управления рисками, применяемых органами государственного аудита и финансового контроля»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12-НҚ
- Қабылданған күні
- 06.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2026 229551_839161.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039758
- ЭКБ идентификаторы
- 229551
- Редакция идентификаторы
- 229551_839161
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 18:59
0 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы
мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен нормативтік қаулы және бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерде:
3 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысандары (бұдан әрі – мемлекеттік аудит нысандары) – мемлекеттік органдардың қызметі, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, саланы/аяны дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар, бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары;»
20 - тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші кезең – бағдарламалық құжатқа және оны іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге негізделген өлшемшарттар бойынша бағдарламалық құжаттардың (саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, даму жоспарлары) тәуекелдер тізілімін (немесе ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаттары үшін тәуекелдер матрицаларын) қалыптастыру.»
21 - тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тәуекелдер өлшемшарттары, соның ішінде:
орталық мемлекеттік органдар және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің негізінде;
құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың болуына;
бюджеттік бағдарламалардың, бюджеттік инвестициялық жобалардың санына, сондай-ақ олардың іске асырылу нәтижелеріне қарай айқындалады.
Ішкі мемлекеттік аудит мақсаттары үшін мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдер тізілімі қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік аудит объектілері бойынша тәуекелдер матрицасы қалыптастырылады.»