Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1057 «Об утверждении Правил обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда»

Бұйрық · № 374 · қабылданған 07.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-1057-ekb-116485/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1057 «Об утверждении Правил обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда» Қолданыста Бұйрық ·№ 374 ·07.11.2017
07.11.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1057 «Об утверждении Правил обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 374 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1057 «Об утверждении Правил обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда»
Атауы (қаз.)
«Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
374
Қабылданған күні
07.11.2017
Көрсетілген редакция
07.11.2017 116485_265178.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016042
ЭКБ идентификаторы
116485
Редакция идентификаторы
116485_265178
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:21

0 «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасы мен 183-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12743 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бір данада қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
________________ Е. Біртанов
2017 жылғы 16 қараша

0 Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің министрінің
2017 жылғы 7 қарашадағы
№ 374 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1057 бұйрығымен
бекітілген
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабы 29) тармақшасына және 183-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;

2 2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;

3 3) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

4 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

5 5) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

6

6) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;

7 7) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

8 8) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;

9 9) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

10

10) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

11 11) өндірістік объектілер – өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек орналасқан өндірістік бөлімшелері;

12

12) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;

13

13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ ұйымдардың бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

14 14) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

2 2 тарау. Аттестаттауды жүргізу тәртібі

3 3. Аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар 5 жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.

4 4. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады.

Қайта құрылған (жаңа технологиялық жабдықтарды, процестерді ауыстыру, енгізу, орнату) өндірістік объектілерді аттестаттау оларды пайдалануға енгізгеннен соң күнтізбелік 90 күннен кейін кешіктірілмей жүргізіледі.

5 5. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер) интернет-ресурста орналастырады.

6

6. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.

7 7. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.

8 8. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:

1 1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;

2 2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;

3 3) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды айқындайды және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;

4 4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізу кестесін жасайды және жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;

5 5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты өңдеуді жүргізу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;

6

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13896 болып тіркелді) сәйкес жүргізілетін соңғы 12 айға өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру-сырқаудың себептерін, сондай-ақ өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау жүргізеді;

8 8) өндірістік жарақаттануды және өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықты айқындайды;

9 9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу мерзімін келіседі;

10 10) өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізудің сапасына ұйымда ішкі бақылауды жүзеге асырады.

11 11) зиянды өндірістік факторларды өлшеу, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігі мен арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды жүргізген кезде қатысады;

9 9. Аттестаттау ұйымның өндірістік объектілері еңбек жағдайларының нақты жай-күйін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды және мынадан тұратын:

1 1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалауды;

2 2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалауды;

3 3) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін бағалауды;

4 4) жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.

10

10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін, жарақат қауіпсіздігінің деңгейін айқындауды, жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын қамтитын еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіпте және көлемде жұмыс берушінің өкілімен айқындалған жұмыс орындарында жүзеге асырылады.
Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау келесі көрсеткіштерді бағалауға негізделеді:

1 1) өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесін;

2 2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы дәрежесін;

3 3) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуы дәрежесін;

4 4) жеке қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын, олардың сапасы мен еңбек жағдайларына сәйкестігін.

Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың өлшенген параметрлерінің санитариялық қағидаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және жұмыскерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

11

11. Еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалау зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде айқындалады. Физикалық, химиялық, биологиялық және технологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері өндірістік және технологиялық процестер жағдайларында, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары жарамды болған кезде орындалады.
Жерасты көмір шахталарындағы жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді жүргізген кезде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.

12 12. Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы ағзаның функционалдық күш түсіру дәрежесімен сипатталады.

Еңбек процесінің ауырлығы осы процеске қатысатын адамның жеке ерекшеліктеріне қарамастан еңбек процесін сиаттайтын эргонометриялық шамаларда көрсетілген көрсеткіштер бойынша бағаланады.
Еңбек процесінің ауырлығының негізгі көрсеткіштері:

1 1) физикалық динамикалық жүктеме;

2 2) қолмен көтерілетін және тасымалданатын жүктің массасы;

3 3) стереотипті жұмыс қозғалысы;

4 4) статикалық жүктеме;

5 5) жұмыс қалпы;

6 6) корпустық еңкеюлері;

7 7) кеңістікте орын ауыстыру болып табылады.

Жұмыскерлердің кәсіби тобының еңбек процесінің қауырттылығын бағалау еңбек қызметі және оның құрылымын талдауға негізделеді, олар бүкіл жұмыс күні ауқымында хронометраждық бақылау арқылы кем дегенде бір апта кезеңде зерделенеді.
Еңбек процесінің қауырттылығын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

1 1) орта есеппен 1 сағат жұмыс үшін сигналдар мен хабарламалардың тығыздығы;

2 2) бір уақытта бақыланатын өндірістік объектілердің саны;

3 3) оптикалық аспаптармен жұмыс (% ауысым уақыты);

4 4) дауыстық аппаратқа жүктеме (аптасына айтылатын жиынтық сағат саны);

5 5) бірқалыпты жүктемелер;

6 6) жұмыс ауысымдылығы.

Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалау осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамаларымен ресімделеді.

13

13. Өндірістік жабдықтың, құрылғылардың және құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлеріне және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.
Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:

1 1) өндірістік жабдық;

2 2) құрылғылар мен құрал-саймандар;

3 3) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;

4 4) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;

5 5) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.

Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтың қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты конструкциялық қауіпсіздік элементтерін көрсете отырып, жабдық бірліктерінің әрқайсысына сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады.
Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды.
Жабдықтың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.
Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.

14 14. Жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау.

Әр кәсіп үшін жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және ЖҚҚ қамтамасыз етілуі айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқкиім және басқа ЖҚҚ берудің нормаларымен салыстыру арқылы айқындалады.
Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталады.
«Қамтамасыз етілді» деген баға ұйым жұмыскерлері Еңбек кодексінің 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес бекітілген жұмыскерлерге ЖҚҚ беру нормаларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілген кезде ғана қойылады.
Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.

15 15. Өлшеулер мен бағалаулар хаттамаларының негізінде еңбек жағдайларының нақты жай-күйін жалпы бағалау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау жөніндегі қорытынды есеп дайындалады.

16 16. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері мына мақсаттарда:

1 1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;

2 2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;

3 3) жұмыскерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын талаптарына сәйкестігін айқындау;

4

4) кәсіптік ауруға күдік туған және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау кезде еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасын жасау және беру үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;

5 5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;

6 6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;

7 7) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу;

8 8) жұмыскерлердің еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы дәйекті ақпарат алу үшін пайдаланылады.

17 17. Жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы белгіленген нормаларға анықталған көрсеткіштердің сәйкессіздігі кезде еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.

18

18. Жұмыс орындағы еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырады, оны жұмыс беруші бекітеді олар зиянды өндірістік факторларының әсер ету деңгейін төмендетуге, не олардың әсер ету уақытын азайтуға бағытталған шараларды, сондай-ақ жарақатқауіпсіздігі мен ЖҚҚ бойынша талаптарды қамтамасыз ету бойынша талаптар, оның ішінде ескірген техника мен жабдықты ауыстыру және өндірістік процесс технологиясын жетілдіруге бағытталған шараларды көздейді.

3 3 тарау. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі

19 19. Аттестаттау нәтижелері төмендегілерді қамтитын есеп түрде мамандандырылған ұйымдармен ресімделеді:

1

1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттауды жүргізу негіздемесі, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);

2 2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтың және процестердің тізбесі);

3 3) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бағалау және өлшеулер хаттамалары;

4 4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп.

20

20. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 183-бабының 7-тармағына сәйкес өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық жеткізгіштерде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері туралы есепті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

21

21. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін бір айлық мерзімде ұйымның орналасқан жеріндегі еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде осы Қағидаларға 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша оның нәтижелері туралы есептерді, сондай-ақ 12-қосымшаға сәйкес соңғы 12 айға өндірістік бақылау нәтижелері туралы есепті ұсынады.

0.1 Зиянды өндірістік факторларды өлшеу

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
нысан
Аккредиттеу белгісі үшін орын
_________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ________ қаласы, ______көшесі, ______,
индекс үй №
телефон.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № ________ _______ бастап _______ дейін
Зиянды өндірістік факторларды өлшеу
№ _____ ХАТТАМАСЫ
__ бет
барлығы___бет

1 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _________________________________________________

2 2. Өлшеуді жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________________

3 3. Өлшеуді жүргізу күні: ___________

4 4. Үй-жайдың сипаттамасы:

- ауданы: __________
- ұжымдық қорғаныш жүйесі: __________________________________________________________
- жабдықтардың түрі және олардың саны: _________________________________________________
- кәсіптердің, лауазымдардың атауы: __________________________________________________

5 5. Өлшеу құралдары:

Р/с

Атауы
Зауыт нөмірі
Тексеру күні

6 6. Өнімге (объектіге) нормативтік құжат:

7 7. Қоршаған ортаның жағдайлары: температура - ____0С, салыстырмалы ылғалдылық - ____%, атм. қысым – сынап бағанасының ____ миллиметрі

8 8. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері:

Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
Кә­сіп­тер, ла­у­а­зым­дар ата­уы
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
Өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның ата­уы, өл­шем бір­лі­гі
Өл­шеу әді­сіне нор­ма­тив­тік құ­жат
Рұқ­сат еті­л­ген шек­ті кон­цен­тра­ция/ рұқ­сат еті­л­ген шек­ті дең­гейі
нор­ма­сы
Нақ­ты дең­гейі
Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның сы­нып­та­ры
рұқ­сат еті­л­ген
зи­ян­ды
Қа­уіп­ті (экс­тре­мал­ды)
2
3.1
3.2
3.3
3.4
4
Бағалауды жүргізген: ______________ ______________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: ______________ ______________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өлшеу нәтижелері өлшеуден өткен объектілерге ғана таралады.
Өлшеу хаттамасы сынақ зертханасының рұқсатынсыз ішінара қайта шығарылмайды

0.2 Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
нысан
___________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, __________ қаласы, _____________көшесі, __________,
индекс үй №
тел.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін
Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша
еңбек жағдайларын бағалау
№ _____ ХАТТАМАСЫ
___бет
барлығы___бет

1 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________________________________________

2 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ___________________________________________

3 3. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________________ жынысы ____________

4 4. Бағалауды жүргізу күні: ___________

5 5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:____________________________________

6 6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Жұ­мыс ор­ны-ның ко­ды
Кә­сіп­тер­дің, ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
Ең­бек про­це­сі ауыр­лы­ғы­ның көр­сет­кіш­те­рі
Нақ­ты мән­де­рі
Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның сы­нып­та­ры
оң­тай­лы
рұқ­сат еті­л­ген
зи­ян­ды
1
2
3.1
3.2
Бағалауды жүргізген: ________ _____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ _____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.3 Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
нысан
_________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ____________ қаласы, ____________көшесі, ________,
индекс үй №
тел.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін
Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша
еңбек жағдайларын бағалау
№ _____ ХАТТАМАСЫ
___бет
барлығы___бет

1 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _______________________________________________

2 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): __________________________________________

3 3. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________________________

жынысы_____________

4 4. Бағалауды жүргізу күні: ___________

5 5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:________________________________________

6 6. Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
Кә­сіп­тер­дің, ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
Ең­бек про­це­сі қа­уырт­ты­лы­ғы­ның көр­сет­кіш­те­рі
Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның сы­нып­та­ры
оң­тай­лы
рұқ­сат еті­л­ген
зи­ян­ды
1
2
3.1
3.2
3.3
Бағалауды жүргізген: ________ ___________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ ___________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.4 Жарақат қауіпсіздігін бағалау

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
нысан
__________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ________ қаласы, _________көшесі, ______,
индекс үй №
телефон.:_______; e-mail:___________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін
Жарақат қауіпсіздігін бағалау
№ ____ ХАТТАМАСЫ
__ бет
барлығы___бет

1 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _________________________________________

2 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ____________________________________

3 3. Бағалауды жүргізу күні: ___________

4 4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:

Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
Кә­сіп­тер, ла­у­а­зым­дар ата­уы
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
Жаб­дық­тар, құ­ры­л­ғы­лар мен құ­рал-сай­ман­дар­дың, ұжым­дық қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның ата­уы
Тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­сы (пас­порт, сер­ти­фи­кат және т.б.)
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі (сәй­кес ке­ле­ді/
сәй­кес кел­мей­ді)
Сәй­кес
кел­меу се­беп­те­рі
Бағалауды жүргізген: ________ ___________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ ___________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.5 Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
нысан
___________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ______________көшесі, _________,
индекс үй №
тел.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін
Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен
және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау
№ _____ ХАТТАМАСЫ
___бет
барлығы___бет

1 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _________________________________________

2 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ____________________________________

3 3. Бағалауды жүргізу күні: ___________

4 4. Жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі –ЖҚҚ) қамтамасыз етілуін бағалау нәтижелері:

Жұ­мыс ор­ны-ның ко­ды
Кә­сіп­тер­дің, ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
Ар­найы ки­ім, ар­найы аяқ ки­ім мен же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі
ЖҚҚ-мен қам­та­ма­сыз еті­лу­ін ба­ға­лау (қам­та­ма-сыз еті­л­ген/ қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген)
Ес­керт­пе
қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­лар­ға сәй­кес
(ата­уы)
нақ­ты бе­рі­л­ге­ні
(иә/жоқ)
МЕМСТ, сер­ти­фи­ка­ты
Бағалауды жүргізген: ________ ___________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ ___________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.6 Бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
6-қосымша
нысан
__________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ______________көшесі, ________,
индекс үй №
тел.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін
Бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп
___бет
барлығы___бет

1 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _________________________________________

2 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ____________________________________

3 3. Жұмыс орнының коды ___, жұмыс орнының саны ___оның ішінде: ерлер___ әйелдер____

4 4. Бағалауды жүргізу күні: ___________

5 5. Еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Фак­тор
Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның сы­нып­та­ры
Рұқ­сат еті­л­ген
Зи­ян­ды, ауыр және қа­уырт­ты
Қа­уіп­ті (экс­тре­мал­ды)
2
3.1
3.2
3.3
3.4
4
Хи­ми­я­лық
Био­ло­ги­я­лық
Ба­сым фиб­ро­ген­ді әре­кет ете­тін аэро­золь­дар
Шу
Виб­ра­ция
Ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну
Ион­да­у­шы емес сәу­ле­ле­ну
Жа­рық­тан­ды­ру
Ин­фра­ды­быс
Уль­тра­ды­быс
Мик­ро­кли­мат
Жал­пы виб­ра­ция
Жер­гі­лік­ті виб­ра­ция
Элек­тро­ста­ти­ка­лық өріс
Тұ­рақ­ты маг­нит өрі­сі
Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лі­лік­тің электр өрі­сте­рі (50 герц)
Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лі­лік­тің маг­нит өрі­сте­рі (50 герц)
Бей­не­дис­плей тер­ми­на­лы мен дер­бес ком­пью­тер­мен құ­ры­ла­тын элек­тро­маг­нит­тік өріс
Ра­дио­жи­і­лік­ті диа­па­зон­ның элек­тро­маг­нит­тік сәу­ле­ле­ну­ле­рі
Ла­зер­лік сәу­ле­ле­ну
Уль­тра­күл­гін сәу­ле­ле­ну
Ең­бек­тің ауыр­лы­ғы:
ер­лер
әй­ел­дер
Ең­бек­тің қа­уырт­ты­лы­ғы
ер­лер
әй­ел­дер
Ең­бек жағ­дай­ла­рын жал­пы ба­ға­лау:
ер­лер
әй­ел­дер
Бағалауды жүргізген: ________ _________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ _________________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.7 Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлар бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
7-қосымша
нысан
Бекітемін
_________________________
Мамандандырылған ұйымның басшысы
________ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы _____ __________
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлар бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп
Мамандандырылған ұйымның атауы ________________________________________________
Мамандандырылған ұйымның мекенжайы ___________________________________________
Аттестаттау жүргізген ұйымның атауы __________________________________________
Аттестаттау жүргізген ұйымның мекенжайы _______________________________________
Жалпы мәліметтер
Ат­те­стат­тау жүр­гі­зі­л­ген күн
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі
Ат­те­стат­тал­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
бар­лы­ғы
Олар­дың ішін­де бел­гі­лен­ген ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­т­ін­дер
Бел­гі­лен­ген ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
Өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның зи­ян­ды­лы­ғы және қа­уіп­ті­лі­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша
Бе­ру нор­ма­сы­на сәй­кес же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз еті­луі бой­ын­ша
Жа­ра­қат қа­уіп­сіз­ді­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша
Ең­бек про­це­сі­нің ауыр­лы­ғын ба­ға­лау
Ең­бек про­це­сі­нің қа­уырт­ты­лы­ғын ба­ға­лау
Оқу және нұс­қау құ­рал­да­ры­мен қам­ты­луын ба­ға­лау
Аттестаттау жүргізген
лабораторияның басшысы __________ ___________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.8 Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша жүргізілген аттестаттау нәтижелері жөніндегі кәсіпорынның есебі

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
8-қосымша
нысан
Бекітемін
_________________________
ұйымның басшысы
________ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
20___ жылғы _____ __________
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша жүргізілген аттестаттау нәтижелері жөніндегі кәсіпорынның есебі
Кәсіпорынның атауы _______________________________________________________
Кәсіпорынның мекенжайы ___________________________________________________
Мамандандырылған ұйымның атауы ___________________________________________
Экономикалық қызмет түрі _________________________________________________
Мамандандырылған ұйымның атауы және мекенжайы ____________________________
Аттестаттауды өткізу күні ________________________________________________
Жалпы мәліметтер
Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
Ла­у­а­зым­ның, кә­сіп­тің ата­уы
Цех,
учас­ке
Ат­те­стат­тал­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
бар­лы­ғы
өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның зи­ян­ды­лы­ғы және қа­уіп­ті­лі­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша
бе­ру нор­ма­сы­на сәй­кес же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз еті­луі бой­ын­ша
жа­ра­қат қа­уіп­сіз­ді­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша
ең­бек про­це­сі­нің ауыр­лы­ғын ба­ға­лау
ең­бек про­це­сі­нің қа­уырт­ты­лы­ғын ба­ға­лау
сәй­кес
ке­лу
сәй­кес кел­меу
сәй­кес
ке­лу
сәй­кес кел­меу
сәй­кес ке­лу
сәй­кес кел­меу
сәй­кес ке­лу
сәй­кес кел­меу
сәй­кес ке­лу
сәй­кес кел­меу
Ұйымның әкімшілік өкілі __________ _____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі __________ _____________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.9 Өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі есеп

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
9-қосымша
нысан
Бекітемін:
_____________________________
ұйымның басшысы
__________ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
20___ жылғы____ ________
Өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі есеп
Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
Ла­у­а­зым­ның, кә­сіп­тің ата­уы
Цех,
учас­ке
Өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның ата­уы*
Рұқ­сат еті­л­ген шек­ті кон­цен­тра­ция, рұқ­сат еті­л­ген шек­ті дең­гейі
Нақ­ты ма­ғы­на­сы
Хи­ми­я­лық
Био­ло­ги­я­лық
Ба­сым фиб­ро­ген­ді әре­кет ете­тін аэро­золь­дар
Шу
Ин­фра­ды­быс
Ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну
Ион­да­у­шы емес сәу­ле­ле­ну
Жа­рық­тан­ды­ру
Ин­фра­ды­быс
Уль­тра­ды­быс
Мик­ро­кли­мат
Жал­пы виб­ра­ция
Жер­гі­лік­ті виб­ра­ция
Элек­тро­ста­ти­ка­лық өріс
Тұ­рақ­ты маг­нит өрі­сі
Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лі­лік­тің электр өрі­сте­рі (50 герц).
Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лі­лік­тің маг­нит өрі­сте­рі (50 герц).
Бей­не­дис­плей тер­ми­на­лы мен дер­бес ком­пью­тер­мен құ­ры­ла­тын элек­тро­маг­нит­тік өріс
Ра­дио­жи­і­лік­ті диа­па­зон­ның элек­тро­маг­нит­тік сәу­ле­ле­ну­ле­рі
Ла­зер­лік сәу­ле­ле­ну
Уль­тра­күл­гін сәу­ле­ле­ну
* - рұқсат етілген шекті деңгей және концентрация нормалардан асатын факторлар бойынша толтырылады
Ұйым әкімшілігінің өкілі _____________ ________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі _____________ _________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.10 Жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары бойынша есеп

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
10-қосымша
нысан
Бекітемін:
____________________
ұйымның басшысы
_________ _________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы____ ________
Жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары бойынша есеп
Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
Ла­у­а­зым­ның, кә­сіп­тің ата­уы
Цех,
учас­ке
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
Жа­ра­қат қа­уіп­сіз­ді­гі кө­зі
Сәй­кес кел­меу се­бе­бі
Ұйым әкімшілігінің өкілі _____________ __________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі _____________ __________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

0.11 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген жұмыс орындары бойынша есеп

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
11-қосымша
нысан
Бекітемін:
__________________________
ұйымның басшысы
_________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
20___ жылғы____ ________
Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген жұмыс орындары бойынша есеп
Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
Ла­у­а­зым­ның, кә­сіп­тің ата­уы
Цех,
учас­ке
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
Же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның
ата­уы
Қам­та­ма­сыз етіл­меу се­бе­бі
Ұйым әкімшілігінің өкілі ____________ _______________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі ____________ _______________________________
қолы тегі, аты әкесінің аты (бар болса)

0.12 Өндірістік бақылау нәтижелері туралы есеп

Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау қағидаларына
12-қосымша
нысан
Өндірістік бақылау нәтижелері туралы есеп
Объектінің атауы____________________________________________________
Объектінің қызмет саласы____________________________________________
________________ (жартыжылдық, жыл ішіндегі) есепті кезең
Р/с №
Өн­ді­рі­стік ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын адам ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, оның ішін­де
Өн­ді­рі­стік ба­қы­лау нәти­же­ле­рі
Объ­ек­ті­нің өн­ді­рі­стік зерт­ха­на­сы ба­за­сын­да
Зерт­ха­на­ны (сы­нақ ор­та­лы­ғын) тар­та оты­рып
Жұ­мыс ор­ны­ның, жаб­дық­тың ата­уы
Бар­лы­ғы зерт­тел­ді (сырт­қы ор­та объ­ек­ті­ле­рін са­на­ма­лау, ауа және бас­қа­ла­ры)
Сәй­кес­сіз­дік­тер анық­тал­ды (сәй­кес­сіз­дік анық­тал­ған қа­уіп­сіз­дік көр­сет­кіш­те­рін са­на­ма­лау - уыт­ты заттар және бас­қа­ла­ры)
Жою бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар және жүр­гі­зі­л­ген іс-ша­ра­лар
Ұйым әкімшілігінің өкілі _____________ _______________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі _____________ _______________________________
қолы тегі, аты әкесінің аты (бар болса)

Қолданыстағы