О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1088 «Об утверждении Правил предоставления технических вспомогательных (компенсаторных) средств и специальных средств передвижения осужденным, имеющим инвалидность и отбывающим наказание в учреждениях, и находящимся под стражей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1088 «Об утверждении Правил предоставления технических вспомогательных (компенсаторных) средств и специальных средств передвижения осужденным, имеющим инвалидность и отбывающим наказание в учреждениях, и находящимся под стражей»
- Атауы (қаз.)
- «Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 873
- Қабылданған күні
- 09.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2019 135202_423442.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019460
- ЭКБ идентификаторы
- 135202
- Редакция идентификаторы
- 135202_423442
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:16
0
«Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13238 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын;
«2-тарау. Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну тәртібі»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі сотталғанның ағза функцияларының тұрақты бұзылуын анықтаған кезде ҚАЖ мекемесі орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөліністеріне (бұдан әрі – аумақтық бөліністер) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық әлеуметтік сараптаманы өткізу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 тіркелген) куәландыратын адамға құжаттарын әзірлейді және ұсынады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мүгедектігі бар сотталғандарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдар тізбесіне, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына және мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 тіркелген) (бұдан әрі – № 26 Бұйрық) сәйкес жүргізіледі.
Мүгедектігі бар сотталғандар «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген Мекемелердің iшкi тәртiптеме қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 тіркелген) қатар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылған және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнайы жүріп-тұру құралдарын өзімен бірге алып жүреді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. ҚАЖ мекемелерінің мемлекеттік тапсырыс қаражаттары есебінен протездік-ортопедиялық көмекке, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарға, міндетті гигиеналық заттарға, арнайы жүріп-тұру құралдарына мұқтаж мүгедектігі бар сотталғандардың құжаттары № 26 бұйрықпен бекітілген тізбе бойынша сотталғанның жазасын өтеу орны бойынша республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар және ауданның жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарына жолданады.»;
18-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«18. ҚАЖ мекемелері техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын алған мүгедектігі бар сотталғандардың тізімдерін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жылына екі рет ұсынады (бұдан әрі - ІІМ).»;
Осы бұйрықпен бекітілген мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылатын және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Д.Т. Қанатбеков) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Д.Т. Қанатбеков) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
5 Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылатын және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы «___»_______
№ _____ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1088 бұйрығымен
бекітілген
Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылатын және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының
тізбесі
Мекемелерде жазасын өтеп жатқан және қамаудағы мүгедектігі бар сотталғандар мынадай заттар мен бұйымдарды өздерімен бірге алып жүре алады: