О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1088 «Об утверждении Правил предоставления технических вспомогательных (компенсаторных) средств и специальных средств передвижения осужденным, имеющим инвалидность и отбывающим наказание в учреждениях, и находящимся под стражей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1088 «Об утверждении Правил предоставления технических вспомогательных (компенсаторных) средств и специальных средств передвижения осужденным, имеющим инвалидность и отбывающим наказание в учреждениях, и находящимся под стражей»
- Атауы (қаз.)
- «Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 22.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2022 164037_558776.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026615
- ЭКБ идентификаторы
- 164037
- Редакция идентификаторы
- 164037_558776
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:40
0
«Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1088 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1088 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13238 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы:
1) ағза функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;
2) қайталап куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мүгедектігі бар сотталғандарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерге ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы арқылы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26087 тіркелген) және «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына және мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 тіркелген) (бұдан әрі – № 26 Бұйрық) сәйкес жүргізіледі.
Мүгедектігі бар сотталғандар «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген Мекемелердің iшкi тәртiптеме қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 тіркелген) қатар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылған және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнайы жүріп-тұру құралдарын өзімен бірге алып жүреді.»;
Оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларына 1-қосымша»;
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына және орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
2022 жылғы « » ___________