О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1091 «Об утверждении Правил ведения и использования реестра субъектов предпринимательства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1091 «Об утверждении Правил ведения и использования реестра субъектов предпринимательства»
- Атауы (қаз.)
- «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 601
- Қабылданған күні
- 17.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.10.2024 184045_726136.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000601
- ЭКБ идентификаторы
- 184045
- Редакция идентификаторы
- 184045_726136
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:51
0 «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Кодекстің 24-бабында көрсетілген өлшемшарттарға және олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісін есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің мынадай түрлері бойынша лицензиялар туралы ақпарат алу үшін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;
акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу;
астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызмет;
лотереялар өткізу;
ойын бизнесі саласындағы қызмет;
радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;
банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
аудиторлық қызмет;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
кредиттік бюролардың қызметі;
күзет қызметі;
азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;
I кіші түрдегі цифрлық майнинг жөніндегі қызмет;»;
17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дара кәсіпкерлер туралы:
ЖСН;
дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы;
бірлескен кәсіпкерлік мәртебесінің болуы немесе болмауы;
санаты (ірі, орта, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік);
осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызмет түрі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Тізілімде кәсіпкерлік субъектілерін іздеу:
1) БСН немесе ЖСН;
2) заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;
3) дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы бойынша жүзеге асырылады.».