О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 510
- Қабылданған күні
- 21.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2022 169987_586532.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000510
- ЭКБ идентификаторы
- 169987
- Редакция идентификаторы
- 169987_586532
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:57
0 «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша) жыл сайын 5 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіру жөнінде ұсыныстар беріп тұруды қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
«1. Республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлімде:
реттік нөмiрлерi 7, 22, 25, 32, 43, 45, 47, 61, 65 және 75-жолдар алып тасталсын;
«2. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлімде:
реттік нөмiрлерi 15, 23, 25, 59 және 66-жолдар алып тасталсын;
«4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
«5. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 3, 4, 8, 19, 22, 25, 29, 30, 31, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 76, 88, 95, 100, 101, 102, 103, 105, 126, 129, 156, 180 және 181-жолдар алып тасталсын.