О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 531
- Қабылданған күні
- 05.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2022 170417_586534.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000531
- ЭКБ идентификаторы
- 170417
- Редакция идентификаторы
- 170417_586534
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:45
0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
«акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері:» деген 5-тармақта:
реттік нөмірі 162-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
162.
Атом өнеркәсібін және атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, инженерлік-техникалық жобалау саласындағы қызмет
71121
»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: 162-тармақта көрсетілген қызмет:
1) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың жобаларымен;
2) өнімді бөлу туралы келісімдерге (ӨБК) (Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары) және Ұлттық компанияның тікелей немесе жанама қатысуымен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа (Теңіз жобасы) сәйкес пайдасыз және шығынсыз негіздегі сервистік келісімдермен/ қызметтер көрсету туралы келісімдермен шектеледі.».