О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1099
- Қабылданған күні
- 08.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2023 189745_670193.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300001099
- ЭКБ идентификаторы
- 189745
- Редакция идентификаторы
- 189745_670193
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:05
0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
«5. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 185 және 186-жолдармен толықтырылсын:
«
185. *
Авиациялық бензин мен керосиннің көтерме саудасы
46715
186. **
Дүкендерден тыс өзге де бөлшек сауда
47999
»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе:
* 185-тармақта көрсетілген қызмет «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметімен шектеледі;
** 186-тармақта көрсетілген қызмет «ҚазМұнайГаз-Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 5 жылдық даму жоспары бойынша жол картасын орындау шеңберінде авиациялық бензин мен керосинді 5 жыл мерзімге бөлшек саудада өткізу мақсатында «ҚазМұнайГаз-Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен шектеледі.».