О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 284
- Қабылданған күні
- 28.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2025 209900_756139.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000284
- ЭКБ идентификаторы
- 209900
- Редакция идентификаторы
- 209900_756139
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:50
0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 287-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) Astana Development Ltd. жеке компаниясы»;
реттік нөмірлері 305 және 306-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
305.
Көппәтерлі және тұрғын (жеке) үйлерді сатып алу және сату
68101
республикалық меншік / коммуналдық меншік
1)«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) «Talgar Eco City-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қазақстан Республикасы
үнемі
306.
Өзге жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату
68102
республикалық меншік / коммуналдық меншік
1) «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) «Talgar Eco City-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қазақстан Республикасы
үнемі
»;
реттік нөмірі 307-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 119) тармақшамен толықтырылсын:
«119) «Talgar Eco City-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».