О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 648
- Қабылданған күні
- 19.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 31.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2025 213349_771995.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000648
- ЭКБ идентификаторы
- 213349
- Редакция идентификаторы
- 213349_771995
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:43
0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 266-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 270-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 307-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 119) тармақшамен толықтырылсын:
«119) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамына қатысты 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін»;
реттік нөмірі 308-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамына қатысты 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін».