О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 771
- Қабылданған күні
- 27.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 31.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2026 I229388_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000771
- ЭКБ идентификаторы
- 229388
- Редакция идентификаторы
- I229388_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.09.2026 03:30
0
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 319-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының «Алматы қаласының салынып жатқан қалалық рельсті көлік дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны»;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы, «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – шекара маңы аумақтарында, Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының «Алматы қаласының салынып жатқан қалалық рельсті көлік дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – Алматы қаласы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының «Алматы қаласының салынып жатқан қалалық рельсті көлік дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 3 жыл».