Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 декабря 2015 год № 1255 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдачи сертификата годности аэродрома (вертодрома)»

Бұйрық · № 352 · қабылданған 03.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-1255/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 декабря 2015 год № 1255 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдачи сертификата годности аэродрома (вертодрома)» Күшін жойған Бұйрық ·№ 352 ·03.06.2019
13.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 декабря 2015 год № 1255 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдачи сертификата годности аэродрома (вертодрома)»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 352 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 декабря 2015 год № 1255 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдачи сертификата годности аэродрома (вертодрома)»
Атауы (қаз.)
«Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1255 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
352
Қабылданған күні
03.06.2019
Көрсетілген редакция
13.10.2020 132329_487214.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018784
ЭКБ идентификаторы
132329
Редакция идентификаторы
132329_487214
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:40

0 «Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1255 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12942 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1,2-диаграммаларында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық іс-қимылдар:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады):
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда пайдаланушының пароль енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2-процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, пайдаланушының нысанды толтыруы (деректер енгізуі);
6) 4-процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде көрсетілетін қызметке төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МДҚ АЖ ) келіп түседі (қажет болған кезде);
7) 2-шарт «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметке төлеу фактісін тексеру (қажет болған кезде);
8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілген қызметке төлеу болмаған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру (қажет болған кезде);
9) 6-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұратылатын қызметтерден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – қызметтер көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою);
13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ (бұдан әрі – МДҚ АЖ) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;
14) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы