О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 15-05/1138 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 819 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области карантина растений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 15-05/1138 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 819 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области карантина растений»
- Атауы (қаз.)
- «Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 232
- Қабылданған күні
- 28.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2024 198394_710029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034683
- ЭКБ идентификаторы
- 198394
- Редакция идентификаторы
- 198394_710029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:47
0
«Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
«Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары
23. Осы өлшемшарттар шеңберінде қолданылатын жедел ден қою шараларына:
1) карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде почта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен және багаждан) алып қою немесе карантинге жатқызылған өнімді қайтару;
2) қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру.
24. Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның 13 және 14-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзу карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде почта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен және багаждан) алып қою немесе карантинге жатқызылған өнімді қайтару түрінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.
25. Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның 15 және 16-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзу карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде почта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен және багаждан) алып қою түрінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.
26. Бұзушылықтар қызметті немесе оның жекелеген түрлерін алты ай мерзімге тоқтата тұру түрінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылады:
1) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаның 4-тармағында көрсетілген талаптар;
2) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген талаптар.»;
көрсетілген Өлшемшарттарға 3 және 4-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 4 және 5-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
1 Ағаштан жасалған буып-түю материалын таңбалауды және залалсыздандыруды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы № 57
мен Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы № 232
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Өсімдіктер карантині
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша
Ағаштан жасалған буып-түю материалын таңбалауды және залалсыздандыруды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Р/с
№
Бұзу өлшемшарттары
Бұзу дәрежесі
1
2
3
1.
Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін карантиндік объектілердің анықталғаны туралы хабардар етпеу
өрескел
2.
Залалсыздандырылған ағаштан жасалған буып-түю материалында карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы
өрескел
3.
Бақылау және қадағалау субъектісінің меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы карантинге жатқызылған объектілерде, жер учаскелерінде (алқаптарында) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы
өрескел
4.
Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу;
ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға есепке алу нөмірінің болмауы
өрескел
5.
Карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілмеуі
өрескел
6.
Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайын профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу туралы мәліметтердің болмауы
елеулі
7.
Карантинге жатқызылған өнімді таңбалаудың болмауы
елеулі
8.
Карантиндік объектілер таралған аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнімді карантиндік объектілерден таза аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өніммен бірге сақтаудың немесе тазартудың жүзеге асырылуына жол беру
елеулі
2 Карантиндік арамшөптермен (Striga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) ластанған астықты және оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы № 57
мен Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы № 232
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Өсімдіктер карантині
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша
Карантиндік арамшөптермен (Striga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) ластанған астықты және оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
Р/с №
Бұзу өлшемшарттары
Бұзу дәрежесі
1
2
3
1.
Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу;
ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға есепке алу нөмірінің болмауы
өрескел
2.
Залалсыздандырылған карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы
өрескел
3.
Бақылау және қадағалау субъектісінің меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы карантинге жатқызылған объектілерде, жер учаскелерінде (алқаптарында) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы
өрескел
4.
Карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілмеуі
өрескел
5.
Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына, кәсіпорындарға жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу туралы мәліметтердің болмауы
елеулі
3 Ағаштан жасалған буып-түю материалын таңбалауды және залалсыздандыруды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы № 57
мен Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы № 232
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1138 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 819 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Ағаштан жасалған буып-түю материалын таңбалауды және залалсыздандыруды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы
Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы
акт ________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1.
Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесін карантиндік объектілердің анықталғаны туралы хабардар етпеу
2.
Залалсыздандырылған ағаштан жасалған буып-түю материалында карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы
3.
Бақылау және қадағалау субъектісінің меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы карантинге жатқызылған объектілерде, жер учаскелерінде (алқаптарында) карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің болуы
4.
Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу;
ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға есепке алу нөмірінің болмауы
5.
Карантиндік объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілмеуі
6.
Карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайын профилактикалық залалсыздандыруды жүргізу туралы мәліметтердің болмауы
7.
Карантинге жатқызылған өнімді таңбалаудың болмауы
8.
Карантиндік объектілер таралған аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнімді карантиндік объектілерден таза аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өніммен бірге сақтаудың немесе тазартудың жүзеге асырылуына жол беру
Лауазымды адам (-дар)
_______________________________ ___________________________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы
__________________________________________ ________________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
4 Карантиндік арамшөптермен (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) ластанған астықты және оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 29 маусымдағы № 57
мен Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы № 232
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1138 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 819 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Карантиндік арамшөптермен (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) ластанған астықты және оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы
Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі ______________________
_____________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы______________________________________________