О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 28 мая 2015 года № 157/5 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 28 мая 2015 года № 157/5 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 157/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 280/7
- Қабылданған күні
- 15.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2020 106919_501371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005250
- ЭКБ идентификаторы
- 106919
- Редакция идентификаторы
- 106919_501371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:47
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
№ 157/5 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 157/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4578 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 9-тармағының оң бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.».
2 2. «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.