Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 28 мая 2015 года № 160/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»

Қаулы · № 90/2 · қабылданған 17.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-1605/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 28 мая 2015 года № 160/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения» Күшін жойған Қаулы ·№ 90/2 ·17.04.2017
18.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 28 мая 2015 года № 160/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»

Күшін жойған Қаулы ·№ 90/2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 28 мая 2015 года № 160/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области здравоохранения»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 160/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
90/2
Қабылданған күні
17.04.2017
Көрсетілген редакция
18.01.2021 112105_505778.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17P0005506
ЭКБ идентификаторы
112105
Редакция идентификаторы
112105_505778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:23

0 Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 28 мамырдағы
«Денсаулық сақтау саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенттерін бекіту туралы»
№ 160/5 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4587 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған) № 160/5 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 294 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;
2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге қатысу үшін (бұдан әрі - ТМККК) әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.»;
4 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9 - тармағында көзделген құжаттар болып табылады.»;

2 2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы