О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 28 июля 2015 года № 193 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 28 июля 2015 года № 193 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 193 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 189
- Қабылданған күні
- 22.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2020 113745_465122.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17Z0004871
- ЭКБ идентификаторы
- 113745
- Редакция идентификаторы
- 113745_465122
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:43
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 шілдедегі № 193
«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі
№193 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4014 тіркелген, 2015 жылғы 26 қыркүйекте «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ӨҮК отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.».
2
2. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.Қ.Сапарғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.В.Стексовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аббревиатураның шешімі: ӨҮК-Өңірлік үйлестіру кеңесі.