Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 28 апреля 2015 года № 2/272 "Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"

Қаулы · № 4/595 · қабылданған 20.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-2272/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 28 апреля 2015 года № 2/272 "Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Күшін жойған Қаулы ·№ 4/595 ·20.10.2015
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 28 апреля 2015 года № 2/272 "Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"

Күшін жойған Қаулы ·№ 4/595 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 28 апреля 2015 года № 2/272 "Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 2/272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/595
Қабылданған күні
20.10.2015
Көрсетілген редакция
25.02.2016 95517_292242.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15R0001227
ЭКБ идентификаторы
95517
Редакция идентификаторы
95517_292242
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:59

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін
бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 2/272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 2/272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 мамырда № 1164 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесіндегі:
9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Алматы қаласы әкімінің аппаратында аппарат басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда сол мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.
Алматы қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері, сәйкесінше жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкері комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 3 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды».

2 2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы