О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 300 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации прав на недвижимое имущество и регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 300 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации прав на недвижимое имущество и регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»
- Атауы (қаз.)
- «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 562
- Қабылданған күні
- 14.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2020 104713_465594.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013944
- ЭКБ идентификаторы
- 104713
- Редакция идентификаторы
- 104713_465594
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:23
0 «Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды тіркеу және міндетті
мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
мәселелері бойынша мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің
регламенттерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 300 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11785 болып тіркелген, «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, кейіннен жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мұрағатына тапсырады, ол бір жұмыс күні ішінде тіркеу істерін іздестіруді және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне тапсыруды жүзеге асырады, орындалған құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорацияға тапсырады; көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің қызметкері - өтінішті қарауды және орындауды жүзеге асырады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет барысына қатысатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік копорацияға өтінішпен жүгінген кезде қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк көрсетілетін қызмет мерзiмiне кiрмейдi).
1) Мемлекеттік корпорация инспекторы - құжаттарды қабылдауы және беруі - 20 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің инспекторы - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жіберуі және одан алуы - 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері - құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдау, тіркеу істерін іздеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне тапсыруы, орындалған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды есепке алу кітабы бойынша тапсыруы - 15 минут.».
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;