Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 300 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации прав на недвижимое имущество и регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»

Бұйрық · № 364 · қабылданған 07.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-300-ekb-120804/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 300 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации прав на недвижимое имущество и регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации» Күшін жойған Бұйрық ·№ 364 ·07.03.2018
29.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 300 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации прав на недвижимое имущество и регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 364 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 300 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации прав на недвижимое имущество и регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»
Атауы (қаз.)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
364
Қабылданған күні
07.03.2018
Көрсетілген редакция
29.05.2020 120804_465596.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016717
ЭКБ идентификаторы
120804
Редакция идентификаторы
120804_465596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:27

0 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды

тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің регламенттерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы
28 мамырдағы № 300 бұйрығына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11785 болып тіркелген,
2015 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлін тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 7 наурыздағы
№ 364 бұйрығына
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына
12-қосымша
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

2 2. Көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз жүзінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы қызмет алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша көрсетіледі.

3

3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесi мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жүргізілген кондоминиум объектісіне мемлекеттiк тiркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат, не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз түрінде) беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берген жағдайда, тіркеу үшін алымның төленгені туралы құжатты көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тіркеуге қайта берген кезде ұсына алады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) әрекеттер тәртібінің сипаттамасы

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) жүгінуі.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

1

1) қызмет берушінің жұмыскері өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес құжаттарды есепке алу кітабы бойынша Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, әрі қарай қабылданған құжаттар топтамасын қызмет берушінің жауапты орындаушысына мұрағатқа тапсырады (үш сағаттан аспайды), кондоминиум объектiсiн жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша (отыз минуттан аспайды).

2 2) қызмет берушінің мұрағат бөлімі жұмыскері (бір жұмыс күні ішінде) тіркеу істерін іздестіруді және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөліміне тапсыруды жүзеге асырады, кондоминиум объектiсiн жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша (екі сағаттан аспайды).

3 3) қызмет берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің жұмыскері – өтінішті қарау және орындауын жүзеге асырады (бір жұмыс күні ішінде), кондоминиум объектiсiн жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша (үш сағаттан аспайды).

4 4) қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары құжаттарға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды (екі сағаттан аспайды), кондоминиум объектiсiн жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша (отыз минуттан аспайды).

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскеріне жолдау.

5 5) қызмет берушінің жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді (отыз минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды есепке алу кітабы бойынша жолдау.

Кондоминиум объектiсiн жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер Мемлекеттік корпорацияда өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады).

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) әрекеттер тәртібінің сипаттамасы

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізімі:

1 1) мемлекеттік корпорацияның инспекторы;

2 2) мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің инспекторы;

3 3) қызмет берушінің жұмыскері;

4 4) қызмет берушінің мұрағат бөлімі жұмыскері;

5 5) қызмет берушінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің жұмыскері;

6 6) қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары;

7

7. Құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың іс-қимылдарының сипаттамасында, осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес функционалдық өзара іс-қимылдар сызбанұсқасында және осы регламенттің 3 және 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бизнес-процестердің анықтамасында көрсетілген.

4 4-тарау. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекеттесу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

8 8. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, онда орталық жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын ұсынады. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттар топтамасын ұсыну;

2 2) мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды);

көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру;

3 3) мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;

Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.

9 9. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді орталық жұмыскері «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.

1 Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың іс-қимылдарының сипаттамасы

«Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптардың
іс-қимылдарының сипаттамасы
1
Әре­кет (жұ­мыстар ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
2
Қа­ты­су­шы та­рап­тың ата­уы
Ор­та­лық ин­спек­то­ры
Ор­та­лық­тың жи­нақ­тау бө­лі­мі­нің ин­спек­то­ры
Қыз­мет бе­ру­ші­нің жұ­мыс­ке­рі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің мұ­ра­ғат бө­лі­мі жұ­мыс­ке­рі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің тір­кеу бө­лі­мі­нің жұ­мыс­ке­рі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры
Ор­та­лық­тың құ­жат­тар­ды та­быст­ау бө­лі­мі­нің ин­спек­то­ры
3
Әре­кет­тің (үде­рі­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы жә­нео­лар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды тек­се­ру және қа­был­дау, құ­жат­тар­ды есеп­ке алу кі­та­бы­на жа­з­ба­лар­ды ен­гі­зу және алушы­ға қол­хат та­быст­ау.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және олар­ды тір­ке­у­ші­ге әді­лет ор­га­ны­на­жол­дау; қыз­мет бе­ру­ші­ден орын­дал­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау.
Құ­жат­тар­ды есеп­ке алу кі­та­бы бой­ын­ша Ор­та­лық­тан қа­был­дау;
Тір­кеу іс­ті із­де­сті­ру;
құ­жат­тар­ды ЖМТ МДҚ-нан тір­ке­у­ге қа­был­дау.
Құ­жат­тар­ды қол қо­ю­ға қа­был­дау
Өті­ніш бе­ру­ші­ге та­быст­ау үшін орын­дал­ған құ­жат­тар­ды қа­был­дау
4
Орын­да­лу­дың ны­са­ны(де­ректер,құ­жат,ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-жар­лық ше­ші­мі)
Ор­та­лық­тың жи­нақ­тау бө­лі­міне та­быст­ау
Орын­дал­ған құ­жат­тар­ды ор­та­лық­тың та­быст­ау бө­лі­мі­нің ин­спек­то­ры­на та­быст­ау
Құ­жат­тар­ды есеп­ке алу кі­та­бы бой­ын­ша Ор­та­лық­қа тап­сы­ру;
Тір­кеу іс­ті орын­дау үшін тір­кеу бө­лі­міне та­быст­ау ;
тір­кеу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру; ЖМТ МДҚ АЖ-не ти­іс­ті өзгер­ту­лер­ді ен­гі­зу
Қол қой­ы­л­ған құ­жат­тыр­ды қыз­мет бе­ру­ші­нің жұ­мыс­ке­ріне та­быст­ау
Құ­жат­тар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ге қол­хат және құ­жат­тар­ды есеп­ке алу кі­та­бы бой­ын­ша та­быст­ау
5
Орын­да­у­мер­зім­де­рі
20 ми­нут
Кү­ніне 2 рет
3 са­ғат­тан ас­пай­ды (же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­те 30 ми­нут­тан ас­пай­ды)
құ­жат­тар­ды орын­да­у­ға қа­был­да­удан кей­ін тір­ке­у­ге 1 жұ­мыс күн (же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­те 2 са­ғат­тан ас­пай­ды)
құ­жат­тар­ды орын­да­у­ға қа­был­да­удан кей­ін тір­ке­у­ге 1 жұ­мыс күн (же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­те 3 са­ғат­тан ас­пай­ды)
2 са­ғат­тан ас­пай­ды (же­дел­де­ті­л­ген тәр­тіп­те 30 ми­нут­тан ас­пай­ды)
20 ми­нут
6
Ке­ле­сі әре­кет­тің нө­мі­рі
2
3, 7
2, 5
-
7
Пай­да­ла­ну нұс­қа­сы
Негіз­гі үде­ріс
Негіз­гі үде­ріс
Негіз­гі үде­ріс, ба­ла­ма­лы үде­ріс
Негіз­гі үде­ріс
Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс
Негізгі процес (жұмыс ағыны, барысы)
Мемлекеттік корпорация
Қызмет беруші
Қызмет беруші (мұрағат)
Қызмет беруші (тіркеу бөлімі)
Қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары
1. Құжаттарды тексеру
4. Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша құжаттарды қабылдау
5. Тіркеу істі орындау үшін іздестіру және табыстау
6. Өтінішті қарау және тіркеу
7. Құжаттарға қол қою және жұмыскерге табыстау
2. Құжаттарды есепке алу кітабына қабылдау туралы жазбаны енгізу
7. Құжаттарды есепке алу кітабы бойынша орындалған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға табыстау
3. Қолхат беру
9. Құжаттарды есепке алу кітабы және қолхат бойынша орындалған құжаттарды өтініш берушіге табыстау

2 «Кондоминиум объектісін

мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция
Көр­се­ті­ле­тін­қыз­мет­бе­ру­ші
Көр­се­ті­ле­тін­қыз­мет­бе­ру­ші (мұ­ра­ғат)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші (тір­кеу бө­лі­мі)
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы неме­се оның орын­ба­са­ры
О-1. Құ­жат­тарды­тек­се­ру
Құ­жат­тар­дың­то­лық­па­ке­ті
О-2.Құ­жат­тар­ды­есеп­ке­а­лу­кі­та­бы­на­жа­з­ба­ен­гі­зу, қа­был­дау
О-9. Қол­хат­бой­ын­ша­орын­дал­ған­құ­жат­тарды­та­быст­ау
О-3.Қол­хат бе­ру
А-9. Бас тар­ту­се­беп­те­рін­көр­се­ту­і­мен­ха­бар­ла­ма­ны­та­быст­ау
О-4. Есеп­ке­а­лу­кі­та­бы­бой­ын­ша­құ­жат­тар­ды­қа­был­дау
О-8. Есеп­ке­а­лу­кі­та­бы­бой­ын­ша­құ­жат­тар­ды­кү­ніне 2 рет­та­быст­ау
А-8. Бас тар­ту се­беп­те­рін көр­се­ту­і­мен Мем­кор­по­ра­ция ха­бар­ла­ма­ны та­быст­ау
О-5. Тір­ке­уі­сті­із­де­сті­ру­ж­ә­не­орын­да­у­шы­ға­та­быст­ау
О-6. Өті­ніш­ті­қа­ра­у­ж­әне­тір­кеу
А-6. Өті­ніш­ті­қа­ра­у­ж­әне бас тар­ту­се­беп­те­рін­көр­се­ту­і­мен­ха­бар­ла­ма­ны­дай­ын­дау
О-7. Құ­жат­тар­ға қол қою
А-7. Құ­жат­тар­ды жұ­мыс­кер­ге та­быст­ау

3 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бизнес-процестердің іс-қимылының көрнекті диаграммалары

«Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бизнес-процестердің іс-қимылының көрнекті диаграммалары
Мемлекеттік корпорациясымен құжаттарды қабылдау және жолдау арқылы мемлекеттік қызметті көрсету:

4 «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу»

«Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу» Мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
№ 4 қосымша
«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің
Анықтамасы
*Мемлекеттік корпорациясы арқылы қызмет көрсету барысында
*ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық
бірлік: қызмет берушінің (жұмыскерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің, Мемлекеттік
корпорацияның, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара әрекеттестігі;

Қолданыстағы