О внесении изменений в постановление акимата от 28 июля 2015 года № 313 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 28 июля 2015 года № 313 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 313 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 575
- Қабылданған күні
- 17.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2020 116623_441510.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17N0007355
- ЭКБ идентификаторы
- 116623
- Редакция идентификаторы
- 116623_441510
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:15
0 Әкімдіктің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 313 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 313 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5851 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорация қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініштің толтырылуының дұрыстығын және көрсетілетін қызметті алушымен ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, 5 (бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, 5 (бес) минут;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік қорпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады, 5 (бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорация қызметкері курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын жібереді, күнтізбелік 1 (бір) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
4) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияға жібереді, күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн;
5) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентке қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар топтамасын қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;»;
7-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарап, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындалған жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн;»;
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорация қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініштің толтырылуының дұрыстығын және көрсетілетін қызметті алушымен ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, 5 (бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тарту және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, 5 (бес) минут;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік қорпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады, 5 (бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорация қызметкері курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын жібереді, күнтізбелік 1 (бір) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
4) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және оны Мемлекеттік корпорациясына жібереді, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн;
5) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентке қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Әкімдіктің
2017 жылғы 17 қарашадағы
№ 575 қаулысына
1-қосымша
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін
арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
5 «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Әкімдіктің
2017 жылғы 17 қарашадағы
№ 575 қаулысына
2-қосымша
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде
орналастыруға келісу туралы шешім беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы