Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение Жылыойского районного маслихата от 28 октября 2015 года № 33-2 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жылыойском районе»

Ереже · № 35-1 · қабылданған 16.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2015-no-33-2-ekb-131709/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение Жылыойского районного маслихата от 28 октября 2015 года № 33-2 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жылыойском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 35-1 ·16.05.2019
21.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение Жылыойского районного маслихата от 28 октября 2015 года № 33-2 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жылыойском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 35-1 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение Жылыойского районного маслихата от 28 октября 2015 года № 33-2 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жылыойском районе»
Атауы (қаз.)
Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 «Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35-1
Қабылданған күні
16.05.2019
Көрсетілген редакция
21.06.2024 131709_708163.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TB004400
ЭКБ идентификаторы
131709
Редакция идентификаторы
131709_708163
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:55

0 Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 «Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жылыой ауданы мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 «Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3352 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасының:
1-тармағы келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5).«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.»;
4-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Стандарттың 3 тармағына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа кызмет көрсету бойынша Жылыой ауданының бөлімі және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді.»;
келесі мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа кызмет көрсету бойынша Жылыой ауданының бөліміне немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.».

2 2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ү.Жақашев) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы